Now Reading
Ақмола облысында инклюзивті театрлар фестивалін өткізу жоспарлануда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақмола облысында инклюзивті театрлар фестивалін өткізу жоспарлануда

Ақмола облысында инклюзивті театрлар фестивалін өткізу жоспарлануда

Ақмола облыстық орыс драма театры (АОРДТ) келесі жылы Көкшетауда инклюзивті театрлардың халықаралық фестивалін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы АОРДТ директоры Бейбіт Бақтыгереев айтты.

Шамамен алты жыл бұрын театр «Біз бірдей болуымыз міндетті емес» инклюзивті жобасын іске қосты. «Бастапқыда бізде мүмкіндігі шектеулі, атап айтқанда церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған белгілі бір театр үйірмесі болды. Бұл жоба сәтті болды, біз олармен бірге екі спектакль қойдық — «Колобок» және «Теремок». Сол жобада біз балалардың өздерін емес, олардың ата-аналарын қуантқан шығармыз», — деп бөлісті Б.Бақтыгереев.

Көп ұзамай «Біз бірдей болуымыз міндетті емес» жобасының аясында жаңасы — «Жүрегімізбен есту» жобасы пайда болды. Соның арқасында режиссер Тимур Валиев театрда екінші жыл көрсетіліп жатқан «Му-Му» спектаклін қойды. Қойылымға есту қабілеті бұзылған актриса тартылған. Бүгінде жоба 20 желтоқсанда театр базасында көрсетілетін «Қасқыр мен жеті бала» музыкалық ертегісінде өз жалғасын тапты. «Қойылымды 15 пен 18 жас аралығындағы үлкен топтағы мүгедектігі бар балаларға арналған театр үйірмесі орындайды. Балалармен осы салада жұмыс тәжірибесі бар Тимур Валиев пен Анна Бронникова жұмыс істейді. «Му-Му» спектаклінің бұрынғы қойылымын да Тимур Валиев жасаған, сол кездегі актерлерімізбен ымдау тілі маманы жұмыс істеді», — деп қосты Б.Бақтыгереев.

Жаттығулар, театр директорының айтуынша, өте қызықты. Бұл ретте әр тарап өзінше бірдеңе үйренуде: балалар тарапынан – қарапайым өмірге және қалыпты қарым-қатынасқа үйрену, мұғалімдер тарапынан – шыдамдылық таныту білу.

«Елімізде инклюзивті театрлардың пайда болып жатқаны қуантады. Айтпақшы, келесі жылы Көкшетауда инклюзивті театрлардың халықаралық театр фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта Вахтангов фестивалі бізді осыған жетелеп келеді. Ол «Қазақстан – Ресей» бірлескен жобасы болмақ. Фестивальге бүкіл Көкшетау қатысады деп жоспарлап отырмыз. Қонақтар көкшетаулықтардың отбасыларына, орта мектептер мен жоғары оқу орындарына шақырылады, яғни, тек театр ғана емес, бүкіл қоғамымыз қатысады. Қонақтар қоғамдық орындарға барады және біз олардың дәл біз сияқты екенін дәлелдеуіміз керек. Білесіз бе, «инклюзивті», «шектеулері бар» деген сөздер менің ойымнан шығып кетіп жатады, бірақ біз мұндай сөздерді лексиконнан алып тастауымыз керек. Бұл қарапайым адамдар және оларға теңдей қарау керек», — деп қорытындылады директор.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×