Now Reading
Қарағанды қаласында аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық пайда болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағанды қаласында аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық пайда болады

Қарағанды қаласында аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық пайда болады

Келесі жылы Қарағандыда аутизм және психикалық ауытқуы бар балаларға арналған орталық ашылады. Балаларды әлеуметтендіру ғана емес, ата-аналарға да білім беру жоспарлануда. 

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің ата-аналармен және басқарма басшыларымен кездесуінде дамуында ауытқуы бар балалар үшін білім беру, сауықтыру, дене шынықтыру және спортпен айналысудың қолжетімділігі мәселелері талқыланды.

Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова атқарылған жұмыстар мен алдағы жыл жоспарлары туралы баяндады.

«Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында мониторинг жүргізілді. Бүгінгі таңда 155 мектепке дейінгі ұйымда, 404 мектепте және 33 колледжде арнайы кедергісіз жағдайлар жасалған. Қамтылу деңгейі сәйкесінше 36%, 81% және 50,7% құрады.

Облыс мектептерінде барлығы 2748 мүмкіндігі шектеулі бала білім алуда. Олардың 50 пайыздан астамы қосымша біліммен қамтылған», — деді басқарма басшысы.

Басқарма басшысының айтуынша, инклюзия бойынша барлық мәселелерді пысықтау үшін Жол картасын әзірленген. Теміртауда екі балабақша қайта құрылды. Қазір оларға ерекше білім беруді қажет ететін балалар барады. Сонымен қатар сөйлеу қабілеті бұзылған және ақыл-ойы кем балалар үшін топтар құрылды. Сондай-ақ қалада облыстық оңалту орталығы ашылды.

2022 жылы Қарағандыдағы жалпы білім беретін мектептер базасында инклюзивті қолдау бойынша тағы үш кабинет ашылады. Сәтбаев қаласында түзеу кабинеті ашылады. Аутизммен ауыратын балалармен жұмыс істеуге арналған мінез-құлық талдауы бойынша мұғалімдерді оқыту және педагог көмекшілерін оқыту жалғасады. Бүгінде облыста 114 тәрбиеші жұмыс істейді, олар ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың мектепке бейімделуіне ықпал етеді.

Бөкетов атындағы ҚарМУ келесі жылы «арнайы педагогика» инновациялық оқу бағдарламасын енгізуді жоспарлап отыр. Студенттер мұғалім көмекшісі ретінде жұмыс істеуге мақсатты түрде дайындалады.

Облыста ерекше қажеттіліктері бар балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Жалпы облыс бойынша мұндай балалардың мыңнан астамы спортпен шұғылданады. Мемлекеттік және жеке спорт нысандары бар. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев атап өткендей, облыста кадр тапшылығы мәселесі бар.

Кездесу барысында ата-аналар ерекше балаларының білім алуына ғана емес, болашақ өміріне қатысты көптеген сұрақтар қойды. Бұл бағыттағы жұмыстарды жақсартуға және жеделдетуге ықпал ететін ұсыныстар ортаға салынды.

«Жыл бойы өткізілген бірнеше кездесулер барысында көптеген сұрақтар көтерілді. Мәселелер шешіле бастады, бірақ әлі де көп жұмыс істеу керек», — деді Жеңіс Қасымбек.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×