Now Reading
Несиеге тәуелділік немесе қазақстандықтар отбасын қалай асырауға тырысуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Несиеге тәуелділік немесе қазақстандықтар отбасын қалай асырауға тырысуда

Несиеге тәуелділік немесе қазақстандықтар отбасын қалай асырауға тырысуда

Неліктен қазақстандықтар несие алады? Бұл сұрақты мәжілісмендер қойды. Несие бойынша қарыз қазірдің өзінде 10 триллион теңгеге жетті, оның жартысынан көбі тұтынушылық қарыз. Бұл адамдар тапқан ақшасының көп бөлігін тамаққа жұмсайтынын көрсетеді. Соның салдарынан басқа қажеттіліктерге жеке қаражат қалмайды, деп хабарлайды халық қалаулылары.

Қазақстандықтардың банктердегі тұтынушылық несиесі 5,5 триллион теңгеден астам чоманы құрайды. Несие алу күннен күнге жеңілдеп барады. Сонымен бірге қажеттілік арта түскендей.

«Үлкен соманы қайдан алуға болады? Әрине, несие алу керек. Мен көлік алған кезде несиеге алдым. Әрине, бұл қымбатұа түседі», — деп шағымданады астаналық тұрғын.

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың айтуынша, несиеге қажеттілік отбасын асырау мақсатына байланысты. Ал кейде қазақстандықтардың көпшілігінің табысы жетпей жатады.

«Көптеген отбасылардың шығындарының көп бөлігі азық-түлікке кетеді. Ал бұл ең алаңдатарлық көрсеткіштердің бірі. Өйткені дамуға, балаларды дамытуға қаражат қалмайды, өйткені басты міндет – тек тамақтануға жеткізу», — деп түйіндеді депутат.

Сарапшылардың деректеріне жүгінер болсақ, жарты жылға жетер-жетпес уақытта Қазақстандағы тұтынушылық несиелердің көлемі триллион теңгеге жуық өсті. Дегенмен, қаржыгерлер мұны елеулі қауіп деп санамайды. Олар бұл үрдісті қазақтың төлем қабілеттілігінің көрсеткіші деп есептейді. Сонымен қатар, Андрей Чеботаревтің айтуынша, несиелік қарыздар көбірек табыс табуға жақсы ынталандыру болып табылады.

«Ойластырылмаған несиелер — бұл сіз алатын және қайтара алмайтын асығыс несиелер. Енді мұндай несиелердің басым бөлігі бізде болса, дефолттардың үлесі көп болар еді. Ал бізде әлі кішкентай. Адамдар несиелерін төлеп, қарыздарымен жұмыс істеуді біледі», — дейді қаржы сарапшысы.

Дегенмен бұл да бір мәселе деп есептейді психологтар. Несиеге тәуелділік болуы мүмкін және бұл тәуелділік ұрпақтан ұрпаққа өтуі мүмкін. Мұның бәрі өздерінің қаржылық әл-ауқатының мүмкін еместігі туралы бір кездері қалыптасқан көзқарастарға байланысты.

«Отбасылық көзқарасты өзгерту ең қиын. Оларды өзгерту өте қиын. Сондықтан несие алу, өкінішке орай, ұрпақтан-ұрпаққа әдет болып қала бермек», — дейді психолог Елена Игина.

Депутаттар жағдайдан шығудың бір жолын көріп отыр: қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін шетелге инвестиция салуды тоқтату керек немесе ең болмағанда отандық ұлттық компаниялар активтерді қайда бағыттайтыны туралы есеп берулері тиіс.  Мәжілісмендер бұл қаржының ел ішінде көп пайда әкелетініне сенімді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×