Now Reading
Жас астаналықтарға қала әкімінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар жеткізілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жас астаналықтарға қала әкімінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар жеткізілді

Жас астаналықтарға қала әкімінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар жеткізілді

Бүгін М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға қала әкімінің атынан жаңа жылдық сыйлықтарды дербес жеткізу бойынша «Жаңа жылдық сапар» экспресс-эстафетасы басталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Эстафетаның салтанатты ашылуын дәстүр бойынша Аяз Ата мен Ақшақар, Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын бейнелейтін ертегі кейіпкерлері мен 30 ағайынды аяздар қоршап алды.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар, мүгедектігі бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылық пен қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар Нұр-Сұлтан әкімінің атынан киім сатып алуға 50 мың теңгеге сертификат, тәтті сыйлық, үстел ойыны және құттықтау ашық хаты түрінде жаңа жылдық сыйлықтар алды.

Жаңа жылдық сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақар жеткізді. Сыйлықтарды жеткізу қала бойынша «жаңа жылдық рейс» түрінде өтті.

Айта кету керек, іс-шара барлық санитарлық нормалар мен карантиндік шектеулерді сақтай отырып өтті.

Қазақстан Президенті мен елорда әкімінің атынан барлығы 800 жас астаналықтар жаңа жылдық сыйлықтар алды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×