Now Reading
Ерекше баланың анасы «Қамқорлық» орталықтарының жұмысына тоқталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ерекше баланың анасы «Қамқорлық» орталықтарының жұмысына тоқталды

Ерекше баланың анасы «Қамқорлық» орталықтарының жұмысына тоқталды

Ауыр дертке шалдыққан балаларды сәтті емдеу туралы әңгімелер көңілге қонымды. Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі Атырау облысының тұрғыны, Ақнәзік деген қыздың анасы Нұргүлдің оқиғасымен бөлісті. Ақнәзік вирустық менингоэнцефалитпен ауырған. Ауру миға әсер етіп, сондықтан нейрондарға зақым келген. Аурудың салдары инсульт, бас жарақаты және басқа ми ауруларына ұқсас.

«Жаңа «Қамқорлық» оңалту орталығы емделуде бізге көп көмегін тигізуде. Бұл туралы неврология бөлімінде жүргенде білдік. Орталыққа келгенімізге өте қуаныштымыз. Қызыма логопед, психологтың сабақтары ерекше ұнады және жаттығу терапиясының нұсқаушылары. Мұнда өз саласының кәсіби мамандары жұмыс істейді. Оларға рахмет! – деп бөліседі Нұргүл.

Ақнәзік осы орталықта екі рет оңалту курсынан өтті, онда психологиялық-медициналық-педагогикалық кешенді оңалту түзету жұмыстары жүргізілді.

Емдеу кезінде және одан кейін Ақнәзік оң динамика көрсете бастады — алғашқы қадамдарын жасады. «Оңалтудағы алғашқы жетістіктер біз үшін маңызды жетістік, ал денсаулық үшін күрес әлі алда. Бірақ біз оптимистпіз!» – дейді Нұргүл.

4 жасар Дамианның анасы Наила Галиулина (Нұр-Сұлтан) да оңалтудағы жетістіктерімен бөлісті. Ол ұлдың салмағы небәрі 700 грамм болып туылғанын айтты. Баланың туылғандағы жағдайы ауыр және тұрақсыз болды. Көзінде асқынулар пайда болды, шап жарығы анықталды, ДЦП диагнозы расталды. 4 жыл бойы Дамиан оңалтудың қиын жолынан өтті.

«Қамқорлық» оңалту орталығының дәрігерлеріне алғысым шексіз. Олар өз жұмысына жан-тәнімен қарайды! Олар балалармен өз балаларындай жұмыс істейді. Дамианның белсенділігі арта түсті. Ол енді өз бетімен отыра алады, аяғына тұрып алады, аяғын басып, басын ұстай алады. Біз нағыз дамуды көріп отырмыз. Дәрігерлер мен Елбасыға тағзым!» — деп Дамианның анасы Наиль Галиулина эмоцияларымен бөліседі.

«Балалардың денсаулығы үшін күресу қиын. Бірақ бас тартуға болмайды. Әрқашан күресу керек!» – дейді Наила.

Бүгінде елімізде 92 мыңнан астам бала церебральды сал ауруына шалдыққан. Көптеген балалар оңалтумен қамтылмаған. Биыл ашылған 8 «Қамқорлық» орталығы мен 2 ерте араласу орталығы (Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында) жылына 6 мыңға жуық баланы қабылдайды. Олардың 540-қа жуығы емделгеннен кейін алғашқы қадамдарын жасап үлгерді.

«Қамқорлық» бастамасын Елбасының бастамасымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жүзеге асырып жатыр.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×