Now Reading
Астанада Қазақстан халқының бірлігі күні қалай тойланады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада Қазақстан халқының бірлігі күні қалай тойланады

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күні қалай тойланады

Астанада 2024 жылғы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай бірқатар мәдени іс-шаралар жоспарланған болатын. Олардың арасында түрлі челлендждер, концерттер, дөңгелек үстелдер бар.

 

30 сәуірде Еуразия гуманитарлық колледжінде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған тақырыптық кураторлық сағаттар, сондай-ақ «Бар береке-бірлікте!» атты дөңгелек үстел өтеді.

 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де сонымен қатар бірнеше колледждерде мерекеге арналған ҚХА мүшелерінің дәрістері өтеді.

 

30 сәуірде Железнодорожный тұрғын алабында оқушылар арасында «Татулық мекені» сурет байқауы өтеді.

 

№1 және №3 балалар музыка мектептерінде концерттік шаралар жоспарлануда.

 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Көптілділік қазақстандық білім беру процесі ретінде» атты дөңгелек үстел, блиц-турнир өткізеді.

 

«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызметкерлерге, ата-аналарға және қызмет алушыларға мерекелік концерт өтеді.

 

«Үміт» дағдарыс орталығында, «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында концерттер, ұлттық ойындар фестивалі, суреттер конкурсын өткізу жоспарлануда.

 

Қазақ технология және бизнес университетінде дөңгелек үстел өтед, әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында – «Достық керуені» театрландырылған-хореографиялық композициясы, ал Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде студенттермен «Достық елі» атты дөңгелек үстел өтті.

 

Бөгенбай мен Жеңіс даңғылдарының қиылысындағы «Ақжайық» саябағында этномәдени бірлестіктер мүшелерінің қатысуымен ағаш отырғызу шарасы өтеді.

 

30 сәуір мен 1 мамырда Жазушылар аллеясында әлемнің әртүрлі тілдеріндегі поэзияны мәнерлеп оқу шарасы өтеді. Сондай-ақ аллеяда «Бір шаңырақ астында» асфальтқа сурет салу байқауы, «Кітап қала» кітапханасында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі, Байқоңыр ауданының кішкентай тұрғындары арасында көңілді старттар өткізіледі.

 

1 мамырда қала бойынша «Бауырсақ біріктіреді» мерекелік шарасы (бауырсақ тарату) өтеді деп жоспарлануда.

 

Комедия және драма театрында Ә.Мәмбетов «Ақан сері» спектаклінің премьерасын, «Жастар» сарайында «Сарамыздың балалары» концертін, «АЛЖИР» мемориалдық мұражай кешенінде «Ұлт бірлік – Ұлы байлық» көрмесін, ал С.Сейфуллин атындағы мұражайда «Бірлік дүние-береке» көрмесі және М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Бірлік жарасқан Қазақстан!» көрмесі өткізіледі.

 

Мерекеге орай Б.Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайында бірқатар шаралар өтеді. Сондай-ақ, №42 орта мектепте «Бейбітшілік пен келісім тілейміз» құттықтау челленджі (әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуымен) ұйымдастырылады.

 

Қазақ ұлттық хореография академиясы «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×