31 желтоқсанда елорданың Пригородный тұрғын алабындағы жыл бойына өтетін жәрмеңке бір сағатқа ұзағырақ жұмыс істейтін болады. Ал алдағы бес күнде ол уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
2021 жылдың 31 желтоқсанында жыл бойы жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Жәрмеңке 1 қаңтардан 5 қаңтарға дейін жұмыс істемейді. 6 қаңтардан бастап жұмыс бұрынғыдай жалғасады: жұмыс кестесі күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін болады.
Қазір жәрмеңкеге 40 кәсіпкер шығып жатыр. Жергілікті тауар өндірушілерден бөлек, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кәсіпкерлері өз тауарларын ұсынып отыр.
Нұр-Сұлтан қаласында жыл бойы өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі алғаш рет өтіп жатыр. Жәрмеңкедегі бағалар базар бағасынан 15-20 пайызға төмен. Жәрмеңке ғимаратының мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Пригородный тұрғын алабы, Арнасай көшесі, 109.
Жәрмеңкеде жұмыс істеуге ниет білдірген кәсіпкерлер 8 7172 61 35 54 нөміріне хабарласулары қажет. Алғашқы үш айда сауда орындары тегін берілсе, одан кейін жеңілдікпен жалға алу ақысы алынады.