Бексұлтан Құлмырза парадзюдодан әлем чемпионы атанды

Бексұлтан Құлмырза парадзюдодан әлем чемпионы атанды.
Турнир Астанада өтіп жатыр. Шешуші белдесуде қазақстандық отандасы Ғалымжан Смағұлұлын иппон әдісімен жеңді.
Бірінші күннің қола жүлдегерлері: Айназ Құралова, Даяна Федосова және Ерғали Шамей. Күтпеген жерден басты фаворит, Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек жүлдесіз қалды. 52 келіге дейінгі салмақта қазақстандық қырғызстандық Айбике Уланбек қызынан жеңіліп қалды.
Турнир алғаш рет Қазақстанға сеніп тапсырылды. Парадзюдодан әлем чемпионатына 38 елден 300-ден астам спортшы қатысуда.
Әлем чемпионатының ерекшелігі – бұл іріктеу жарысы және Лос-Анджелестегі Паралимпиада ойындарына жол ашады.
0