Now Reading
Шымкент қалалық Еңбек басқармасында мүгедектігі бар жандар кезекке шағымдануда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Шымкент қалалық Еңбек басқармасында мүгедектігі бар жандар кезекке шағымдануда

Шымкент қалалық Еңбек басқармасында мүгедектігі бар жандар кезекке шағымдануда

Шымкентте мүгедектігі бар жандар медициналық комиссияның қорытындысын алу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр.

Жергілікті еңбек басқармасына күн сайын жүздеген адам келуде. Жағдайды басқармада электронды кезектің жоқтығы қиындатып отыр.

«Барлық құжаттарымды ауыстырдым. Менің күш-қуатым да, жүйкем де қалмады, екінші ай болды тіпті зейнетақымды да, дәрі-дәрмектерімді де ала алмай жүрмін», — дейді қала тұрғыны.

Кезек енді қолмен жазылып берілуде. Осының салдарынан ғимаратқа көп адам жиналуда. Барлығына орын жеткіліксіз. Күнделікті күйзеліс кезінде адамдар шағымданады, жиі біреу ауырып қалады.

Шенеуніктер кадр тапшылығымен және келушілердің көптігімен ақталады. Сонымен қатар, бұрын құжаттарды онлайн тәртіпте рәсімдеу мүмкін болса, қазір Шымкент «жасыл» аймақта — бұл функция енді жұмыс істемейді.

«Себебі Шымкент қараша айында «жасыл» аймаққа енді. Бас санитарлық дәрігердің бұйрығымен енді мемлекеттік қызмет көрсете алмаймыз.

Неліктен?

Өйткені Шымкент «жасыл» аймаққа енді!

Бас дәрігердің жарлығында бұлай айтылмаса керек — онлайн жұмыс істеуге тыйым салынған ба?

Жоқ, онда бәрі пайыздық түрде жазылған», — деп жауап берді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Сарым Шоланов.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...