Now Reading
Нұр-сұлтан қаласында арбамен қозғалатын мүгедектігі бар балаларға (18 жасқа дейінгі) инватакси қызметі көрсетіле бастады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-сұлтан қаласында арбамен қозғалатын мүгедектігі бар балаларға (18 жасқа дейінгі) инватакси қызметі көрсетіле бастады

Нұр-сұлтан қаласында арбамен қозғалатын мүгедектігі бар балаларға (18 жасқа дейінгі) инватакси қызметі көрсетіле бастады

«Қазақстан Республикасының ұлттық паралимпиадалық комитеті» (ҰПК) үкіметтік емес ұйымы Нұр-сұлтан қаласындағы мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметін көрсететінін хабарлайды.

Нұр-сұлтан қаласында тұратын және мүгедектігі бар жандарға арналған арбада жүретін 18 жасқа дейінгі мүгедектгі бар балалар инватаксиге тапсырыс бере алады. Балаларды тасымалдау кезінде ата-аналары (қамқоршылары) немесе баланы алып жүруге уәкілетті адамдары еріп жүруі керек.

Тасымалдау Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен Мүгедектігі бар жандарды таксимен алып жүру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Инватаксиге оқу орындарына, жергілікті уәкілетті және атқарушы органдар; сот, прокуратура; әлеуметтік нысандар; заңгер кеңесі; нотариус; медициналық мекемелерге (шұғыл/жедел медициналық көмек жағдайларын қоспағанда) бару үшін тапсырыс беруге болады;

Қызметті алу үшін келесі құжаттарды Нұр-сұлтан қаласы, Ақшоқы көшесі, 2 мекенжайы бойынша ҰПК кеңсесіне тапсыру қажет:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (салыстырып тексеру үшін көшірме және түпнұсқа);

3) 035-1/у нысанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

4) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама (салыстырып тексеру үшін көшірме және түпнұсқа);

5) оңалтудың жеке бағдарламасының сертификаты (ИПР).

 

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 14.00-18.00 аралығында жүргізіледі.

Инватакси қызметіне өтінім мына телефондар бойынша қабылданады: 8 701 212 21 15, 8 7172 79 27 00.

Өызмет көрсетуге өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады.

Тапсырыс беру кезінде сіз келесі деректерді көрсетуіңіз керек: толық аты-жөні, баратын күні мен уақыты, баратын жердің нақты мекенжайы, клиентпен байланысу үшін телефон нөмірі, басқа да қосымша ақпарат (жолаушылар саны, багаждың көлемі мен жағдайы, келу уақыты/ пойыздың, автобустың, ұшақтың және т.б.) жүру уақыты).

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...