Now Reading
Ақтөбеде аз қамтылған сегіз отбасыға пәтер кілті табысталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбеде аз қамтылған сегіз отбасыға пәтер кілті табысталды

Ақтөбеде аз қамтылған сегіз отбасыға пәтер кілті табысталды

Қарғалы ауданының Бадамша ауылында жалға берілетін коммуналдық пәтерлердің кілттері 8 көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар балаларды және жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға табыс етілді.

 

Жалға берілетін тұрғын үй үшін ең төменгі ай сайынғы төлем 5 мың теңгені, ең жоғары — 9 мың теңгені құрайды. Бұл сома пәтердің ауданына байланысты.

 

«Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Баршаңызға, мемлекет қамқорлығы үшін алғыс айтқым келеді», — деді Көпбалалы ана Д.Джаббарова жаңа тұрғын үйдің кілтін алып.

 

8 пәтерлік екі қабатты үйдің құрылысына 169 миллион теңге жұмсалды. Жобаны «СтройМастерКласс» ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асырды.

 

Пәтер кілтін облыс әкімі Оңдасын Оразалин табыстады. Барлық отбасылар мемлекеттік қордан баспана алу кезегінде тұр.

 

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету-өзекті мәселе. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің өңірде кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй құрылысы облыс орталығында да, облыс аудандарында да белсенді жүргізілуде. Мен үй алған әрбір отбасыммен бірге мемлекеттің қолдауының арқасында шын жүректен қуанамын», — деп атап өтті Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×