Now Reading
Алматыда бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматыда бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады

Алматыда бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады

Көп балалы аналармен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы айтты.

 

Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалар жылы аясында әкімдік қажетті жұмыс жүргізгенін хабарлады. «2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы мемлекеттік мектептерінің барлық бастауыш сынып оқушылары (1-4 сыныптар) әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі», — делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

 

Әкімнің айтуынша, балаларды сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру үшін білім басқармасы теңгерімді және әр түрлі рационды құру мәселесін пысықтады.

 

«Қаржыландыру мәселесі жергілікті бюджетті нақтылау шеңберінде 4 наурызда мәслихатпен қаралады» — деп мәлімдеді Досаев.

 

Сонымен қатар, Алматы әкімі 2022 жылы мектептерде 15 461 орынға және балабақшаларда 39 520 орынға дейін тапшылықты төмендету күтілетінін атап өтті.

 

«Алматыда мектептер мен балабақшаларды салуға бос жерлер жетіспейді, ал құрылыс қарқыны тек жыл сайынғы өсімді жабуға мүмкіндік береді, — деп түйіндеді қала басшысы.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...