Now Reading
«Мүгедек» термині өзгертіліп, осы санаттағы адамдарға басқа да жеңілдік жасалмақ
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Мүгедек» термині өзгертіліп, осы санаттағы адамдарға басқа да жеңілдік жасалмақ

«Мүгедек» термині өзгертіліп, осы санаттағы адамдарға басқа да жеңілдік жасалмақ

Бір топ мәжіліс депутаты мүгедектігі бар адамдарға қатысты заң жобасын әзірлеуге бастамашылық етті. Құжатта «мүгедек» терминін «мүгедектігі бар адам» деп өзгерту, мүгедектігі бар баланы санаториялық-курорттық емдеуге алып жүретін адамға жолдама құнының 70 пайызын өтеу, денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедектігі бар адамдарға бірінші кезекте қызмет көрсету көзделеді. Үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жекеше нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерде ақы төлеуден босатылған адамдар санатына енгізу және мүгедектігі бар адамдар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін басқа да нормалар көзделеді. Бұл туралы депутат Жәмилә Нұрманбетова мәжілістің жалпы отырысында баяндама жасады.

Бұдан басқа, Қазақстан аумағында анықталған адам саудасының құрбаны болған шетелдіктерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі нормалар ескерілген.

Заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады.

«Өзгерістер мен толықтырулар 75 заңнамалық актіге, 11 кодекске және 64 заңға енгізіледі. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасы бойынша 2022 жылғы 7 желтоқсанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», – деді депутат.

 

 

Толығырақ: inbusiness.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×