Now Reading
Нұр-Сұлтанда мыңнан астам аз қамтылған отбасы азық-түлік себетін алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтанда мыңнан астам аз қамтылған отбасы азық-түлік себетін алады

Нұр-Сұлтанда мыңнан астам аз қамтылған отбасы азық-түлік себетін алады

«Игі істер марафоны» аясында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Нұр-Cұлтан әкімдігінің бастамасымен халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттері таратыла бастады.

 

6-8 наурыз аралығында елордада «игі істер марафоны» аясында 500-ден астам азық-түлік себетін тарату жоспарланған. Азық-түлік жиынтығына қажетті өнімдер кіреді. Оның ішінде күнбағыс майы, ұн, күріш, жарма, қант, шай, макарон өнімдері, ет консервілері, кәмпиттер, балаларға арналған тәттілер бар. Көмек елорданың барлық төрт ауданында тұратын отбасыларға көрсетіледі.

 

«Қала әкімдігі демеушілермен бірлесіп Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Игі істер марафоны» қайырымдылық акциясын бастады. Біз барлық мұқтаж азаматтарға арнайы тізім бойынша азық-түлік себеттерін бере бастадық. Бұл қарттар, I, II, III топтағы мүгедектігі бар жандар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жалғыз басты аналар, көп балалы отбасылар. Акция аясында 6-8 наурыз аралығында біз 500-ден астам отбасына көмектесуге ниеттіміз. Мұндай шаралар кешені наурыз айының соңына дейін жалғасады. Айдың соңына дейін біз 1 мыңнан астам отбасын қамтуды жоспарлап отырмыз. Көмек демеушілермен көрсетіледі. Бұл себеттерді үйлерге әкімдік қызметкерлері, еріктілер, қарапайым азаматтар жеткізеді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.

 

Өз кезегінде елорда тұрғыны, мерекелік себет алған көпбалалы ана Арайлым Арипова көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, барлық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

 

«Мен бес баланың анасымын, қала әкімдігі мен еріктілер тарапынан күтпеген сыйлық үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мұндай мерекеде көп балалы аналар туралы ұмытпаған жөн, бұл күтпеген және жағымды жағдай. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық аналарды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтағым келеді!»,- деді Көпбалалы ана Арайлым Арипова.

 

Сондай-ақ, қалалық әкімдік өкілі әйелдерді құттықтап, Елорданың жанашыр азаматтарына үндеу жолдады.

 

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі барлық әйелдерді мерекемен құттықтайды, сондай — ақ барлық жанашыр азаматтарды осы акцияны қолдауға, азық-түлік себетін қалыптастыруға және оны мұқтаж отбасыларға жеткізуге шақырады», — деді Қуаныш Молдабек.

 

Мерекелік себетке ие болған басқа тұрғындар да ризашылықтарын білдірді. 6 наурызда азық-түлік себеттері 300-ден астам отбасына жеткізілді, қалғандары жақын күндері беріледі. Барлық санитарлық нормалар сақталады.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы «игі істер марафоны» аясында елорданың мұқтаж тұрғындарына 15 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×