Өңірдің халыққа қызмет көрсету орталықтарында «жеңілдікті терезелер» жұмыс істейді, онда мүмкіндігі шектеулі адамдар, зейнеткерлер және ҰОС ардагерлері мемлекеттік қызметтерді кезексіз ала алады. Сонымен қатар, I немесе II топтағы мүгедектігі бар жандар, Мемлекеттік корпорацияның мамандарын үйге шақыра алады.
«Мұндай» жеңілдік терезелері » барлық ХҚКО-ларда бар. Олар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін келушілер аталған санаттардың қайсыбіріне жататындығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс»,-деп атап өтті» Азаматтарға арналған үкімет » мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар және ҰОС ардагерлері ХҚКО қызметкерін 1414 байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін үйге шақыра алады,бұл жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.