Now Reading
Әлихан Смайылов жаңа Еңбек министріне тапсырма берді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Әлихан Смайылов жаңа Еңбек министріне тапсырма берді

Әлихан Смайылов жаңа Еңбек министріне тапсырма берді

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жаңа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және әлеуметтік осал азаматтарды қолдау жөнінде тапсырма берді.

 

Бүгін ҚР Премьер — Министрі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа басшы-Тамара Дүйсенованы таныстырды.

 

Әлихан Смайылов қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. «Үкімет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауға тиіс. Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік осал азаматтарға қолдау көрсету, еңбек дауларының алдын алу бойынша тиімді жұмыс жүргізу қажет. Барлық қойылған міндеттер уақтылы және сапалы орындалуы тиіс», — деп атап өтті Ә.Смайылов.

 

Үкімет басшысы Т.Дүйсенова 20 жылдан астам еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істегенін, елдегі еңбек қатынастарын қалыптастыруға және әлеуметтік саясатты нығайтуға үлкен үлес қосқанын атап өтті.

«Тамара Босымбекқызы — іскерлік қабілеті бар ең тәжірибелі басшылардың бірі. Жаңа министр Мемлекет басшысының сенімін ақтап, Министрліктің жұмысына қосымша серпін беретініне сенімдіміз», — деді ол.

 

Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында информатика пәні мұғалімі болып бастады. 2014 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі болып жұмыс істеді. 2017-2018 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2020 жылдың 5 мамырынан бастап ҚР Президентінің көмекшісі-ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...