Қазақстанда кәмелетке толмаған балаға төлқұжат рәсімдеу арзанға түсетін болады.
Қазір мемлекеттік баж 8 АЕК (24 504 теңге) құрайды, оны 4 АЕК (12 252 теңге) дейін төмендету ұсынылады. Парламент Мәжілісінің депутаттары осындай ұсыныс жасады. Онда Сәрсенбі, 13 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды (бірінші оқылым).
Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов заң жобасында халықты құжаттандыру рәсімдерін оңтайландыратын және кейбір заңнамалық актілерде ескерілмеген тұстарды жүйелейтін ұсыныстар көзделгенін айтты.
Сонымен қатар, ол 2020 жылдан бастап Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың суретін ата-анасының паспортына пайдалануға және тиісті жазба жүргізуге мүмкіндік беретін норма жойылғанын атап өтті.
«Қазір шетелге шығу үшін әр баланың өз паспорты болуы тиіс. Физиологиялық процесті ескере отырып, баланың паспорты 12 жасқа толғанға дейін әр бес жыл сайын беріледі, ал 16 жасқа дейінгі балаларда құжаттың қолданылу мерзімі өзгеріссіз қалады — бұл 10 жыл», — деді Ғазиз Құлахметов.
Әрбір қазақстандық отбасы үшін әр балаға құжат рәсімдеу – айтарлықтай шығын екенін ескере отырып, мәжілісмендер мемлекеттік бажды екі есеге төмендетуді ұсынды.
«Құжатты ауыстыру жиілігін өзгерту туралы ұсынысымызға байланысты біз мемлекеттік баж мөлшерін 8 АЕК — тен 4 АЕК-ке дейін, яғни екі есе төмендетуді ұсынамыз», — деді депутат.
Сонымен қатар, заң жобасы босқындарға пана іздеген Шетелдіктердің құқықтық жағдайы, халықтың көші-қоны мәселелерін қозғайды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.