Now Reading
Қазақстандық күресшілер Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарында бес медаль жеңіп алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық күресшілер Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарында бес медаль жеңіп алды

Қазақстандық күресшілер Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарында бес медаль жеңіп алды

14 Мамырда XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен қазақстандық күресшілер бес медальға ие болды: бір алтын, үш күміс және бір қола.

 

Қазақстандық күресші Хайратхаан Шонку (125 кг) финалда Иран спортшысын жеңіп, алтын медальға ие болды. Бұл оның 24-ші Сурдлимпиадалық ойындардағы екінші медалі. Бұған дейін ол грек-рим күресінен 130 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын.

 

Ғабит Есжанов (57 кг), Сабыржан Рсалы (70 кг) және Ғасыр Тұрғынбай (74 кг) күміс медаль жеңіп алды. Бексұлтан Малайдар (92 кг) қола медальға ие болды.

 

Шадияр Пернеш (60 кг) пен Мұхтар Есенғосұлы (97 кг) бесінші орынды иеленді.

 

Сол күні 4х400 метрлік әйелдер арасында эстафетадан жарыс өтті, онда біздің спортшыларымыз Фаина Меирманова, Ольга Хижнякова, Яна Сибирякова және Елена Путинцева бесінші орынға ие болды.

 

Биіктікке секіруде Фаина Меирманова 159 см нәтижемен бесінші орынды иеленді.

 

Сурдлимпиада ойындары 2 мамырда басталып, 15 мамырда аяқталды. Соңғы күні қазақстандық жеңіл атлеттер марафонда бақ сынайды.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...