Now Reading
ҚР Еңбек министрлігі Балаларды қорғау күніне жәрдемақы төлеу туралы ақпаратты жоққа шығарды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > ҚР Еңбек министрлігі Балаларды қорғау күніне жәрдемақы төлеу туралы ақпаратты жоққа шығарды

ҚР Еңбек министрлігі Балаларды қорғау күніне жәрдемақы төлеу туралы ақпаратты жоққа шығарды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі 1 маусымнан бастап 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға біржолғы төлемдер жоспарланбайтынын ескертеді.

 

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 1 маусымда атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға Kaspi gold мобильді қосымшасындағы әлеуметтік шот арқылы біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

 

Хабарламада айтылғандай, қосымша арқылы республикалық бюджеттен бала тууға берілетін бір реттік жәрдемақыны рәсімдеу бойынша Мемлекеттік қызметтер жүзеге асырылған. Бірінші, екінші, үшінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері 116 394 теңгені (38 АЕК), төртінші және одан жоғары балаға – 192 969 теңгені (63 АЕК) құрайды. 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны 18,4 млрд теңге сомасына 134,1 мың адам алды.

 

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген қосымша арқылы азаматтар республикалық бюджеттен жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы ресімдей алады. Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына байланысты сараланады. Ағымдағы жылы бірінші балаға ай сайын 17 643 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға – 20 860 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға – 24 045 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан жоғары балаға – 27 261 теңге (8,90 АЕК) төленеді. 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны орта есеппен 46,5 мың адам 4,7 млрд теңге сомаға алды.

 

Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...