Now Reading
Жерасты және жерүсті өткелдері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімсіз – Алматы прокуратурасы
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жерасты және жерүсті өткелдері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімсіз – Алматы прокуратурасы

Жерасты және жерүсті өткелдері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімсіз – Алматы прокуратурасы

Прокурорлар Алматы жерасты және жерүсті өткелдеріндегі көтергіштердің жұмыс қабілеттілігін тексеріп, көңіл көншітетін қорытынды жасады.

 

Қадағалау органы жерасты және жерүсті өткелдерінің басым бөлігі жұмыс істемей тұрғанын анықтады. Осыған байланысты ерекше қажеттіліктері бар адамдар қала бойынша қозғалу мүмкіндіктерімен шектеледі.

 

Мониторинг барысында қалада бар 68 жаяу жүргіншілер өткелінің 57-сі (83%) лифтілер мен көлденең көтергіштер жұмыс істемейтіні анықталды. Бұл ретте Алматыда 54 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрып жатқанын, оның ішінде 14 739-ы жүріп-тұруда қиындық көріп отырғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, бюджеттен жыл сайын аталған нысандарды ұстауға және оларға қызмет көрсетуге қомақты қаражат бөлінеді. Тек 2021 жылдың өзінде бұл мақсаттарға 280 млн теңге жұмсалды.

 

Прокурорлар жерасты және жерүсті өткелдерін ұстауға бөлінген бюджет қаражатының заңды түрде жұмсалатынын анықтауға уәде берді.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...