Now Reading
Зағип домбырашы республикалық байқауда жеңіске жетті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Зағип домбырашы республикалық байқауда жеңіске жетті

Зағип домбырашы республикалық байқауда жеңіске жетті

Қарағандыдағы көру қабілеті нашар балаларға арналған № 1 арнайы мектеп-интернатының оқушысы, № 1 өнер мектебінің оқушысы Нұрдәулет Сағатбек Алматыда өткен бірінші республикалық «Домбыра-Дастан» балалар байқауында үздік домбырашы болып атанды.

Музыкант Гран-при мен 8 миллион теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Домбырашылар байқауына Қазақстанның барлық аймақтарынан 6 мен 15 жас аралығындағы 548 жас музыкант қатысты.

 

«Байқау туралы Instagram парақшасынан білдім. Бірінші тур онлайн режимінде өтті. Екі күй ойнау керек еді. Құрманғазының «Байжұма», «Серпер» шығармаларын таңдадым. Екінші кезең Нұр-Сұлтан қаласында офлайн режимінде өтті. Ұйымдастырушылардың таңдаған шертпе, төкпе күйлерін тартуға тура келді. Сүгірдің «Қосбасар», Құрманғазының «Кішкентай» ​күйлерін​дайындадым. Әділ қазылар алқасына менің орындауымды ұнатты, Дина Нұрпейісованың «Бұлбұл» күйінен тағы бір үзінді орындауды тапсырды. Жарыстың финалы 22 мамырда Алматы қаласында өтті. Онда екі күй ойнадық – атақты композиторлар мен өз таңдауымыз. Құрманғазының «Төремұрат», Қаршыға Ахмедьяровтың «Қуаныш» күйлерін таңдадым. Қарсыластар мықты болды. Гран-при аламын деп ойламадым», – дейді Нұрдәулет.

 

«Мен ұлымның жеңісіне сендім. Ақшалай сыйлық үшін Нұрдәулетті шетелге апарып, сол жерде көзіне ота жасатпақ болғанбыз. Бірақ ол бұны қаламайды: нашарлап кетуі мүмкін деп қорқады. Оның бір көзі аз ғана жарықты көрсе, екіншісі мүлде көрмейді. Біздің жеке баспанамыз жоқ, ұлы ақшалай сыйлықты пәтер алуға қосқысы келеді. Кеше оған жаңа домбыра сатып алдық. Ақшаға сахналық киімдер де тігіледі», — дейді жеңімпаздың анасы Эльмира Жапқараева.

 

Нұрдәулеттің шығармашылық жеңістер жинағында көптеген марапаттар бар. Ол бұған дейін де облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда үздік атанған. Мәселен, өткен жылы «ЖҰЛДЫЗАЙ» ХVІ халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алса, «Сарыарқаның жаңа есімдері» байқауында бірінші болды.

 

Нұрдәулет талантты орындаушы ғана емес, 13-тен астам күй мен ән жазған композитор-домбырашы. Оның жетекшісі № 1 өнер мектебінің мұғалімі Нұрдәулет Ыдырысов.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×