Оралда заңсыз пәтерлер беріліп, кезекте тұрғандарды баспанадан айырды. Бұны Антикор анықтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, кезекте тұрған 189 адам тізімнен «шығып кеткен». Бұл ретте мұқтаждар санатына да тіркелмегендер мемлекеттен шаршы метр алды.
Антикор пәтерлерді заңсыз берудің осындай 247 фактісін анықтады. Тағы 169 пәтер кезексіз беріліп, 189 мұқтаж азамат тізімнен шығарылды.
«Тұрғын үй меншігі болған кезде тұрғын үйге мұқтаж тұлғалардың есебінде тұрудың 1000-нан астам фактісі, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтарды есептен негізсіз шығарудың 200-ге жуық фактілері анықталды: бұл жетім балалар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге жұмсалған соманы кеміту», — деді БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Әлия Денизбаева.
Кезектен тыс баспана алған бұл 169 адамның кім екені белгісіз, дейді телеарна журналисі. Ал, жетім жандар ондаған жылдар бойы бұрыш-бұрышты кезіп жүр.
Балалар үйінің түлегі Әсел Антаева күйеуі және үш баласымен балаларға жататын орын төсейтін жері жоқ шағын бөлмеде тұрады. Сәбилер мен ата-аналар еденде ұйықтайды. Жетім бала 11 жылдан бері баспана кезегінде тұрса, қазір тізімде 170-ші орында тұр. Оның есептеуінше, мемлекеттен алатын шаршы метр үшін кемінде он жыл күту керек.
«Әкімдікке бардық, хат жаздық, бірақ облыс әкіміне жете алмадық, тіркелгенімізге бір жыл болды, қабылдамайды. Жалғыз мәселеміз баспана. Біз заңды баспана сұрамаймыз, артық ештеңе де сұрамаймыз», – дейді Әсел Антаева.
Орал қаласындағы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде 100-ден астам балалар үйінің түлегі тұрады. Жалпы облыста екі мыңға жуық жетім бала ондаған жылдар бойы мемлекеттен баспана ала алмай жүр. Мемлекеттен шаршы метрлер мұқтаж жандарға беріліп жатқан жок. Айтпақшы, бұл бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тек тәртіптік жазамен ғана құтылады. Мұндай жаза заңмен белгіленген.