Now Reading
Ақмола арнайы қызмет көрсету орталығының қызметкерлері клиенттердің ақшасын иеленді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақмола арнайы қызмет көрсету орталығының қызметкерлері клиенттердің ақшасын иеленді

Ақмола арнайы қызмет көрсету орталығының қызметкерлері клиенттердің ақшасын иеленді

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы «Шапағат» арнайы қызмет көрсету орталығының бірқатар тұлғасы мен директоры қаржы жымқырды деген күдікке ілінді.

 

«Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық іс бойынша айыпталушылар өз қалауы бойынша, сондай-ақ орталықтың қызмет алушыларының білімі мен келісімінсіз олардың ақшаларын нотариаттық сенімхаттарды қолдана отырып басқарды. Бюджет қаражатын ұрлаудан жалпы белгіленген шығын 17 млн теңгеден асты. Қылмыстық іс сотта»,-деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

 

Аталған мекемеде 2019-2021 жылдары еңбек қызметін нақты жүзеге асырмаса да, еңбекақы және басқа да төлемдер түрінде қаражат есептеліп, аударылған тұлғалар формальды түрде жұмысқа орналасқаны анықталды.

 

«Қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қылмыстық іс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді, оның ұсыныстары сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша тиімді шаралар қабылдау туралы ұсынысқа енгізілген. Ұсыныста басшылардың қол астындағы қызметкерлердің қызметіне тиісті бақылауды, әлеуметтік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі және мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді-, деп түсіндірілді.

 

Өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшылығының кездесуінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

 

Кездесу барысында облыстың Антикорр басшысы Арман Рахимов атап өткендей, тергеу әлеуметтік қорғау саласында кемшіліктер орын алғанын көрсетті. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдауға тиіс жосықсыз адамдар, керісінше, одан пайда табады. Мұндай адамдар, сондай-ақ олардың басшылары міндетті түрде қатаң жауапкершілікке тартылады.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×