Now Reading
Арбада отырып оңалту орталығын ашқан жігіттің әңгімесі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Арбада отырып оңалту орталығын ашқан жігіттің әңгімесі

Арбада отырып оңалту орталығын ашқан жігіттің әңгімесі

Алматыдағы «Ерзи» қауымдастығы — 18 жастан асқан мүгедектігі бар жандарға көмек көрсетуге арналған қаладағы жалғыз әлеуметтік оңалту орталығы. Мұнда адамдар түрлі адамдармен араласып, жаңа өмір бастауға мүмкіндік алады. Malim.kz тілшісі орталық директоры Ербол Игембергеновпен қауымдастық жайында әңгімелесіп қайтты.

 

Ербол жасөспірім шағында жол апатына ұшыраған соң, мүгедек арбаға таңылған. Әкесі баласы оңалып, қайта аяққа тұрып кетер деген үмітпен оны түрлі дәрігерге апарып, көптеген емшінің алдынан өткен.

 

Арбаға таңылғаныма он жылдан асып кетті. Аяққа тұрғызамын деп, әкемнің мені апармаған жері жоқ. Германияға да бардық, оңалту бойынша үздік саналатын Израиль, Еуропа орталықтарында да болдық. Алайда алған емнің толық әсері болуы үшін кем дегенде жарты немесе бір жыл үздіксіз емделу қажет. Ал оған біздің қаражытымыз жете қоймайтын. Қазір де елдегі көптеген азаматтың мұндай шығынды қалтасы көтере бермейтіні өтірік емес. Кейінгі рет елге оралғанда әкемнің “Осы неге өзіміз сол оңалту орталығын Алматыда ашпаймыз?” дегені есімде.

 

Ербол сол тұста оңай сынды көрінген орталық ашу ісі әкімдік пен өзге органдар арасындағы жүгіріске айналатынын мүлде елестетпегенін айтты.

 

Бізде церебрал сал ауруы барлар, психикасы бұзылған адамдар мен Даун диагнозы қойылғандарға арналған оңалту орталықтары бар. Ал біз сияқты түрлі жағдайға байланысты мүгедектікке ұшыраған, жүріп-тұруға қиналатын егде жастағыларға, тірек-қимыл аппараты бұзылғандарға көмектесетін оңалту орталықтары жоқ. Көп адамның өмірінің соңына дейін үмітсіз арбаға, кейде толық төсекке таңылып қалуының де себебі сол. Әкем осы мәселені қолға алып, әкімдікке ұсыныс жазып, орталық құруды мақсат етті. Бірақ бұл іс бірден шешіле қоймады, әкімдік пен басқа түрлі орталықтар арасында жүгіріп, шаршаймыз деп ойламаған едік. Ол жылдары елде әлеуметтік жұмыс дегенді тіркеу, онымен айналысу тіпті қиын еді. Оны қаржыландыру дегенді билік тіпті ойламайтын да. Тым құрыса ғимарат берсе дедік, ескілеу ғимараттың жөндеуі жоқ бір қабатын берді. Оның өзіне әрең қол жеткіздік. Ақыры әкем уайымға салынып, инсульт алып, қайтыс болды.

 

Әкемнің жетісі өткен соң Алматының сол тұстағы әкімі Бақытжан Сағынтаев мені қабылдауына шақырып, көңіл айтып, ғимарат мәселесін шешіп берді. Алматының ортасынан 5 қабатты ғимаратты тегін қолдануға рұқсат беріп, қуантты.

 

Шыны керек, бас кезде ғимараттың іші бос әрі қорқынышты болды. Тек бір қабатын қолданғанның өзінде, басқа төрт қабаттың коммунал және жылу төлемін төлеп жүрдік. Қорқынышты, қаңырап жатқан болса да, әйтеуір, жеке кеңістігімз болғанына қуандық. Көп уақыт өтпестен, лифт керек екені қатты сезіле бастады. Арбада жүретін, таяққа сүйенетін адамдар үшін 5 қабатты ғимаратта баспалдақпен шығу екі есе қиын, кейбірі үшін мүмкін емес. Бірақ көп уақыт өтпей Нұрлан Смағұлов арбадағы 2-3 адам сыйып кететіндей кең лифт құрылысының шығынын өтеп берді.

Ербол бізді күтіп алғаннан осы лифтілерді көрсетуге асыққан еді. Орталық бөлмеде қысқа әңгімелескен соң, қоймай сол лифтіге алып барды. Расында түрлі қымбат ғимараттардың жеделсатысынан мүлде кем емес және бастысы — өте кең. Орталық директорының сөзінше, өзге де көптеген кәсіпкерлер жаттығу құралдарын алуға көмектескен. Қазір Ербол өз ақшасына жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр. Бес қабаттың төрт қабаты қолдануға жарамды.

 

Мұндай ұйымдардың мүгедектігі бар адамдар үшін маңызы зор. Себебі орталыққа келіп жүргендердің көбі — жылдар бойы үйде отырып, қоғамнан оқшауланып қалған адамдар. Ол адамдар өз ойын ашық жеткізе алмайды, ұялады, ең сорақысы көбі қорқады. Сап-сау адамдар өзгелермен ұзақ уақыт араласпай, көбінде тек өз әлемінде, пәтердің бір бұрышында қалып қойғандықтан, уақыт өтуімен тұйық, жалтақ адамға айналғанын байқайсыз. Алғаш келгенде бәрі осындай — үндемейтін, үркіп тұратын болып келеді. Ал уақыт өте бір-бірімен әңгіме құрғанда бүгінгідей орталықты басына көтеретін достарға айналады. «Ерзи» өз кезегінде оларға тек физикалық реабилитация емес, психологиялық көмек көрсетеді.

 

Расымен орталыққа кіргенде залда бір топ адамның біздің сұхбат жазып жатқанымызға қарамастан, бар дауыспен ән айтып, би билеп, әзілдесіп, шүйіркелесіп жатқаны таң қалдырды. Тек кейінірек Ербол топқа жақындап барып, сәл тынышталуларын сұраған соң, бәрі кезек-кезек амандаса жөнелді де, шу сәл басылып қалды. Ерболдың достар дегені — оңалту орталығы көмегіне мұқтаж түрлі жас өкілдері. Егде жастағылар да, орта жас өкілдері де баршылық.

 

Бізде ем-дене тәрбиесі (ЛФК), массаж, физиотерапия, электромиостимуляция, магнит-терапия, арбадағы би сияқты ем түрлері бар. Сондай-ақ, психолог маманымыз келушілердің әрқайсымен жеке-жеке және жалпы топпен жұмыс істейді. Психолог олардың ішкі сезімдерін түсініп, жеке ойын, қалауын ашық айтып, болашаққа мақсат қоюдан қорықпауы үшін арнайы дәрістер өткізеді.

 

Орталықтағы барлық қызмет тегін. Қазір мұнда тек 25 адам қабылдауға мүмкіндігі қарастырылған. Орталық басшысы үш жылдан аса уақыт ішінде жеткен жетістіктерін айтып, бір мақтанып алды.

 

Барлығы тегін, осыны жасай алғаныма ерекше қуанамын. Келушілеріміз бір жыл бойы таңғы 8.00-16.00 аралығында осында ем қабылдайды. Мұның бәрі оң әсерін бермей қоймайды. Орталық ашылғалы үш жылдан асты және еңбек нәтижесін көргенде ерекше қуанады екенсің. Біраз адамның өмірін өзгерттік деп анық айта аламын. Келген кезде мүлдем сезімталдығы болмаған адам арнайы арбамен жүре бастады. Адамға жақ ашып, сөйлемейтін бір келіншек кәсіп ашып алды, еңбекке араласып, көппен сөйлесе бастады.

Гүлжан деген танысым бар еді. Жол апатына ұшырап, ата-анасынан айырылып, өзі мүгедектер арбасымен жүретін болып қалады.  Ол осы қазадан соң он жыл бойы үйден шықпай қойды.  Сенесіз бе, жылына тек екі-үш рет далаға шығып тұрған екен?..Орталыққа әкелу үшін ұзақ көндірдім. Бірақ тағы еңбек ақталды. Себебі қазір сол Гүлжан тіпті басқаша: өзін-өзі дамытып, жаңа достарымен араласатын болды. Бастысы — өзін өзгелерден кем санамайды. Физикалық тұрғыдан да денсаулығы жақсарып қалды. Жақында он екі мүшесі сау азаматпен отбасын құрып, қазір бақытты өмір сүріп жатыр.

 

Ербол орталықты көп мақтағанымен, көмек көрсетемін деген адамдар болса, әлі де жөндеу жұмыстары бойынша жасалатын іс көп екенін айтты.

 

Меніңше, орталықтың ел үшін маңызы зор. Осындай әлеуметтік жобаларға кеңінен қолдау көрсетілсе деймін. Әзірге бәрін өзімізше шешуге тырысып бағып-ақ жатырмыз. Түрлі спорт алаңдары, бассейн кешендері орталық келушілеріне тегін абонемент ұсынып жатады. Енді ғимараттың жөндеу жұмыстарын бітіріп алуымыз керек. Бірақ бір өзімнің қаражатым жетпейтіні анық. Көмек көрсетемін деген ел ағалары бар екеніне, бір күні бізді көзі шаларына сенемін. Одан бөлек экоскелет деп аталатын құрылғы бар. Бұл — орталығымыздағылардың ортақ арманы. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту  кезеңі үшін өте тиімді құрылғы, алайда бағасы да қымбаттау.

 

Ербол жақын күндері экзоқаңқа қаражаты жиналып, жөндеу жұмыстары аяқталатына, алдағы уақытта орталық жиырма бестен көп адамға қуаныш сыйлай алатынына шын сенетінін айтты.

 

Мүгедектігі бар көп адамның оңалып, жақсы өмір сүріп кетуі көп жағдайда өзіне, оның ерік-жігеріне байланысты. Орталық сол бір ұзақ әрі қиын кезеңде қолдаушы, бағыт-бағдар беруші ғана. Алайда алдағы уақытта жиырма бес адаммен шектеліп қалмай, көп адамға көмектесе аламыз деп сенемін.

 

 

Источник: Malim.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×