Елордада «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қаланың 1 295 инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарын паспорттау және бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылы Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр, Есіл аудандары әкімдерінің аппараттарымен объектілердің тізімдерін қалыптастыру және бейімдеуді жүргізу бойынша жұмыс топтары құрылды. Бұл жұмысты үйлестіруді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасы жүзеге асырады. Өткен жылы 259 Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, шағын және орта бизнес нысандарын, мемлекеттік мекемелерді, ХҚКО филиалдарын, Қазпошта, әуежай, вокзалды бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мекемелер пандустармен, бейімделген лифтілермен, дәретханалармен, зағип жандарға арналған бағыттаушы белгілермен және т. б. толық қамтамасыз етілген.
2022 жылы бұл жұмыспен 260 нысан қамтылады. Оның ішінде 4 — мемлекеттік мекеме, 158 – ШОБ, 20 – Денсаулық сақтау, 19 – мәдениет, 59 – білім беру нысандары. Бүгінгі күні жұмыс топтары шығып, 104 нысан тексерілді. Бұл жұмысты объектілердің меншік иелері (баланс ұстаушылары) ҚНжЕ талаптарына сәйкес белсенді жүргізеді, мониторингтік топтар берген ескертулер жойылады.
Қаланың паспортталған және бейімделген объектілері туралы ақпаратты «мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында «қолжетімділіктің интерактивті картасы» бөлімінен табуға болады (inva.gov.kz).
2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қаланың барлық нысандарын бейімдеу жоспарлануда.