Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру аясында 2,2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрақты жұмысқа, 5 мыңнан астамы уақытша жұмысқа орналастырылды.
«Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында мүгедектігі бар жандар үшін белгіленген жұмыс орындарына квота аясында жұмыспен қамту орталықтарының бағыты бойынша жұмыс берушілер 348 мүгедекті бар адамды жұмысқа қабылдады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы көру, есту және тірек-қозғалыс аппараты бұзылған адамдар үшін жұмыс берушілердің оларды жабдықтауға байланысты шығындарын субсидиялай отырып, 71 арнайы жұмыс орнын құру жоспарлануда», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, министрлік Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарды «халықтық бақылаушы» ретінде тартуды көздейтін «Халықтық бақылау» әлеуметтік маңызды жобасын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда жобаға 164 кәсіпорын тартылып, онда 521 қызметкер жұмыс істейді.
Жоба аясында жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын вахталық режимде қадағалайтын бейнебақылау операторы ретінде мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа алынады.
«Жобаға қатысу үшін персоналды іріктеу кезінде кәсіпорында мүгедектіктің белгіленуіне (өндірістік жарақат, кәсіптік ауру, жалпы ауру) байланысты жұмыстан кеткен қызметкерлерге басымдылық беріледі. «Халықтық бақылаушылар» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық төленетін аударымдармен және әлеуметтік пакетпен еңбек шарты бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жобаны іске асыру мүгедектігі бар жандар үшін белгіленген жұмыс орындары квотасы шеңберінде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді», — деп атап өтті министрлік.
Дүйсенбі, 27 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Бұл заңға сәйкес, енді жеке нотариустардың қызметі І және ІІ топтағы мүгедектігі бар жандар сияқты, ІІІ топтағы мүгедектігі бар жандарға де тегін болады. Автобус парктерінен мүгедектігі бар жандар арбасындағылар үшін пандустары бар автобустардың белгілі бір санын сатып алу талап етіледі, сонымен қатар мүгедектікті сырттай анықтау үшін сараптама жүргізуге болады.
«Заңның көп күткен жаңалықтарының бірі – мүгедектігі бар баланы ертіп баратын баланың заңды өкілдерінің бірінің санаторийде тұруына кеткен шығынның 70 пайызын өтеу. Бұл еріп жүретін адамдардың онымен бірге жүруге ақшасы болмағандықтан, мүгедектігі бар бала шипажайға тегін билетті пайдалана алмау жағдайларын айтарлықтай азайту үшін маңызды»,-деп Сенаттың жалпы отырысында Ақмарал Алназарова хабарлады.