Now Reading
Баланы құтқарғаны үшін жасөспірімге Алматыдағы жоғары оқу орнында грант берілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Баланы құтқарғаны үшін жасөспірімге Алматыдағы жоғары оқу орнында грант берілді

Баланы құтқарғаны үшін жасөспірімге Алматыдағы жоғары оқу орнында грант берілді

Министр Есдәулет Дәуітбековке Алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті.

 

Білім министрі Асхат Аймағамбетов баланы көпқабатты үйдің терезесінен құлап қалудан құтқарған елордалық мектеп түлегі Есдәулет Дәуітбековке Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқуға грант табыс етті.

 

Асхат Аймағамбетов жеткіншектің көмекке келіп, кішілерді қорғауға дайындығы еліміздегі барша мектеп оқушылары үшін жақсы үлгі екенін атап өтті.

 

«Батылдығыңыз үшін алғыс айтамын. Сіз мектеп қабырғасынан кейін түлектің қандай болып шығуы тиіс екенін көрсеттіңіз. Осындай асыл жанды тәрбиелеген ата-анаңызға, ұстаздарыңызға алғыс айтамын. Бүгін ғана президент мектептердегі қорлау фактілеріне алаңдайтынын айтты. Сіздің әрекетіңіз лайықты үлгі болады», — деді министр.

 

Асхат Аймағамбетов Есдәулет Дәуітбековке Алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ түлекке Алматыдағы Нархоз университетінде тегін білім алуға грант берілді.

 

Еске салайық, 13 шілдеде «Шерқала» тұрғын үй кешенінде 17 жастағы Есдәулет Дәуітбеков баланы жетінші қабаттағы терезеден құлаудан құтқарған болатын. Желіде оқиғаның видеосы тарап кетті.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...