Now Reading
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 400-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа орналасты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 400-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа орналасты

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 400-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа орналасты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысымен 2022 жылы мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қала ұйымдарында жұмыс орындарына квоталар жұмыскерлердің тізімдік санының 2-ден 4%-ға дейінгі мөлшерде белгіленген.

 

Белгіленген квота бойынша 915 жұмыс берушіде 6686 жұмыс орны бар.

 

«Жыл басынан бері елордада жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 450 мүгедектігі бар адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа — 174, жастар тәжірибесіне — бес, әлеуметтік жұмыс орындарына – бес, қоғамдық жұмыстарға – 255, бірінші жұмыс орнына – үш және «Күміс жас» жобасы бойынша — бір адам орналастырылды. Қысқа мерзімді курстарға жеті адам жіберілді», — делінген хабарламада.

 

«Электрондық еңбек биржасы» (www.enbek.kz) интернет-порталында мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру бойынша 467 бос жұмыс орнына 116 хабарландыру орналастырылған.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...