Now Reading
Қазақстанда отбасының цифрлық картасын жасады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда отбасының цифрлық картасын жасады

Қазақстанда отбасының цифрлық картасын жасады

Әлеуметтік кодекс жобасы аясында 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда пилоттық режимде цифрлық отбасы картасы іске қосылады.

 

Ведомствода түсіндіргендей, бұл ақпараттық жүйе азаматтарға проактивті форматта, яғни алушының өтінішін күтпестен көмек көрсетуді көздейді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайта отырып, тиісті мемлекеттік қызметтердің жеделдігін арттыруға және сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Отбасының цифрлық картасы-бұл әртүрлі мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға және оларға проактивті форматта кепілдік берілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

 

Цифрлық отбасы картасы-да 6 млн отбасына бөлінген барлық 19,4 млн азамат туралы деректер жинақталған.

 

Отбасылардың әл-ауқатының деңгейі бес критерий бойынша айқындалады: экономикалық өмір сүру жағдайлары, денсаулық сақтау қызметтерімен қамту және мүгедектігі бар адамдардың болуы, тұрғын үй жағдайлары, әлеуметтік жағдайлар, білім беру қызметтерімен қамту және отбасы мүшелерінің білім деңгейі.

 

Отбасының цифрлық картасының жұмыс алгоритмі келесідей жүзеге асырылады: мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығын белгілеу кезінде әлеуетті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге келісім алу үшін СМС хабарлама жіберіледі. Келісім алғаннан кейін әлеуметтік жәрдемақы, төлемді немесе мемлекеттік қолдаудың өзге түрін тағайындау кейіннен алушының банктік шотына аударыла отырып жүзеге асырылады.

 

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:

 

— ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тоғыз түрдегі жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер бойынша жаңа форматта қызмет алу мүмкіндігі беріледі;

 

— 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тізім халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтіледі;

 

— 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі;

 

— 2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылады.

 

Цифрлық отбасы картасын пилоттық іске қосуға дайындық барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы мемлекеттік қызметке мұқтаж азаматтар анықталды. 1 қыркүйектен бастап оларға қызметтерді проактивті көрсету үшін СМС хабарламалар жіберіледі, деп хабарлады Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×