Now Reading
Елордада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Елордада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

300 мың теңге жалақы: елордада өткен кезекті жәрмеңкеде қандай бос орындар ұсынылды

 

Елордада «Жастар» сарайында жұмыссыз азаматтарға, пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және алимент бойынша борышкерлерге арналған жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге 60-тан астам жұмыс беруші қатысты.

 

Жәрмеңкеге елорданың 65 жұмыс берушілері қатысып, 1700-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыс орындары, оның ішінде пробация қызметінің есебінде тұрғандар мен жазасын өтеп келген жұмыссыз азаматтар ұсынылды. Өндіріс кәсіпорындары, сауда, қаржы, құрылыс салаларындағы кәсіпорындар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұмыс іздеп жүрген азаматтардың түйіндемелерін қабылдады.

 

«Бүгінгі жәрмеңкеде 1500-ге жуық жұмыс орны ұсынылды. Сондай-ақ, онда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға арналған ұсыныстар бар екенін айта кеткен жөн. Бұл жәрмеңкеде ұсынылатын жалақы 150 000-300 000 теңге аралығында», — деді Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов.

 

Іс-шарада оқу орындарының түлектеріне, жастарға және жалпы елорда тұрғындарына «Алғашқы жұмыс», «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар», «Ұрпақтар келісімі» бағдарламалары мен «Ұрпақтар шарты» жобасы туралы кеңінен ақпарат берілді. «Күміс жас» зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтарға арналған. Жұмыспен қамту орталығының мамандары қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қызығушылық танытқандарға толық ақпарат берді.

 

«Біз жәрмеңкеге үшінші рет қатысып отырмыз. Бұл әрбір жұмыс берушіге дұрыс қызметкерді табуға көмектеседі. Сондықтан қазір біз кеңесшілерді іздеп жатырмыз. Олар клиенттерді іздеумен, депозиттер ашумен айналысады», – дейді «Отбасы банк» өкілі Асқар Рахымбаев.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×