Now Reading
Елордада өткен бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс берушілер екі мыңға жуық орын ұсынды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада өткен бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс берушілер екі мыңға жуық орын ұсынды

Елордада өткен бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс берушілер екі мыңға жуық орын ұсынды

2022 жылдың басынан бері Астанада бес бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, оған елордалық 300-ге жуық жұмыс беруші қатысты. Күні кеше «Жастар» сарайында тағы бір жәрмеңке өтті.

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтті, онда 50 компания 1820-дан астам бос жұмыс орындарын тұрғындарға ұсынды.

 

«Біздің компания бос орындар жәрмеңкесіне екінші рет қатысып отыр. Оң нәтиже бар. Бүгін біздің де жолымыз болып, жақсы мамандар табылар деп сенеміз. Өткен жолы экспедиторларды жұмысқа алған едік, қазір мерчандайзерлерді іздеп жатырмыз», — дейді «Радуга» ЖШС өкілі Раулана Базылова.

 

Елордалық Жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Бақыт Рақышеваның айтуынша, шараның мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесу.

 

Жұмыс іздеушілердің айтуынша, бос орындар жәрмеңкесіне қатысу уақытты үнемдейді және бірден бірнеше жұмыс берушімен сұхбаттасуға мүмкіндік береді.

 

«Мен Headhunter және әртүрлі веб-сайттарды қарап жатырмын, бірақ барлық жұмыс берушілер жиналған кезде олармен тілекей сұхбаттасқан дұрыс, бұл ыңғайлырақ және уақытты үнемдейді», — деп бөлісті университет түлегі Айгүл Омарова.

 

Көптеген жұмыс беруші-компаниялар мемлекеттік субсидиялау бағдарламаларына белсенді қатысады. Осындай бағдарламалар аясында Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа қабылданған қызметкерлерге жұмыс істеген алғашқы айлардағы жалақының 30-дан 100%-ға дейін мемлекет төлейді.

 

Жұмыс берушілердің айтуынша, мұндай бағдарламалар үміткерлерге тәжірибе жинақтауға, ал компанияларға жаңа қызметкердің жұмысын бағалауға мүмкіндік береді.

 

Айта кету керек, биылғы жылдың басынан бері Жұмыспен қамту орталығы 296 елордалық жұмыс берушінің қатысуымен бес жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізген. Олар құрылыс, өндіріс, сауда, азық-түлік, қаржы және сақтандыру, көлік және қойма шаруашылығы және т.б қызметтің әртүрлі салаларындағы 8 123 бос жұмыс орнын ұсынды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×