Сарапшылардың болжамы бойынша, нарықтағы бүгінгі сұраныс уақытша құбылыс.
Қазақстандағы тұрғын үй нарығындағы қызу жалғасуда. Жалға берілетін пәтерлер шекаралас қалаларда ғана емес, Астана мен Алматыда да қымбаттады. Алматының орталығындағы 1-2 бөлмелі пәтер үшін айына 300 мың теңгеден сұрайды. Петропавлда кейбір пәтер иелері бағаны күніне 50 мың теңге деп белгіледі.
Бірақ қымбат бағаға тап болған ресейліктер жалдамалы тұрғын үйден бас тартып, еріктілердің көмегіне жүгінеді. Жылжымайтын мүлік нарығы саласының мамандары нарықтағы дүрбелеңді уақытша құбылыс дейді, деп хабарлайды 31 арна.
Ресейдің үш облысымен шектесетін елдің солтүстігінде бірнеше күннен бері қонақүйлер мен жатақханаларда орын жоқ. Олардың тең жартысы Ресей азаматтары болғанын ресми органдар да растап отыр. Петропавлда жалға берілетін баспана құны шамамен 20 пайызға қымбаттады. Жылжымайтын мүлік нарығы мамандарының айтуынша, қалада ай сайынғы жалдау ақысы 150 мыңнан басталып, 350 мың теңгеге жетеді. Ал кейбір пәтерлердің иелері тіпті күніне 50 мың теңгеге дейін сұрайды.
«Пойызбен келдік. Біз Томск қаласынан келдік. Әзірше осында қаламын. Баспанамен қиындықтар бар.. Ештеңе таппадық», — деді Ресей азаматы Кирилл Шалагин.
Петропавлда жалға берілетін тұрғын үй тапшылығына байланысты көптеген ресейліктер ірі қалаларға – Астана мен Алматыға кетті.
«Мен Самара облысынан келдім, бір жерге барармыз, бір жерден табамыз, достарымыз бар. Мүмкін Қарағандыға барармыз. Ол жақта таныстарымыз бар. Ол жақтағыдан да бұл жер жақсы», — дейді ресейлік азамат.
Алматыда жаңа тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің бағасы айтарлықтай өсті. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, үрейленбеңіз. Орташа бағаға әлі де орталықтан пәтер таба аласыз.
Оралда да жалдамалы баспананың бағасы қымбаттап, қала орталығындағы 1-2 бөлмелі пәтерлер үшін 400-450 мың теңге сұрап жатыр. Бірақ мұндай бағаға тап болған көптеген ресейліктер жалдамалы баспанадан бас тартып, еріктілерден көмек сұрайды.
Бүгін Орал әкімдігі жалдауға ақшасы жоқ ресейліктерді балалар лагеріне орналастырды. Онда жүрген Ресей Федерациясының азаматтары күніне 2000 теңге төлейді.
Атырау облысында болып жатқан жағдай аясыеда пәтер иелері бағаны бірден 70 пайызға көтерді. Бұрын қалада 80-100 мың теңгеге пәтер жалдауға болатын болса, қазір 150-180 мың төлеуге тура келеді. Бұл тек қала орталығына қатысты емес: бағаның көтерілуі шеттегі ескі үйлердегі бағасы 220-250 мың теңгеге жететін пәтерлерге де әсер етті. Риэлторлардың айтуынша, Атыраудың жылжымайтын мүлік нарығында мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Бағаларды соңғы жаңалықтарды пайдаланғысы келетін жалға алушылар көтереді.
«Қазақстанға ресейліктердің жаппай келетінін білген жылжымайтын мүлік иелері бағаны негізсіз өсірді. Бастапқыда 150 мың теңгеге жалға алған екі бөлмелі пәтердің иесі кеше бағасын 400 мың теңгеге дейін көтерді. Бірақ қала тұрғындары мұндай бағамен үйді жалға алмайды, тек ресейліктер тарапынан сұраныс бар», — дейді риэлтор Диас Естаев.
Бірақ риэлторлардың айтуынша, бұл уақытша ғана құбылыс. Ресей азаматтары біздің елде мәңгі қалмайды, ал шетелдіктер сұранысы азайған кезде пәтер иелері бұрынғы бағаларды қайтарады.