Now Reading
188 мыңнан астам қарт қазақстандықтар біржолғы материалдық көмек алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 188 мыңнан астам қарт қазақстандықтар біржолғы материалдық көмек алады

188 мыңнан астам қарт қазақстандықтар біржолғы материалдық көмек алады

1 қазанда Қазақстанда Қарттар күніне орайластырылған айлық басталады. Облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды, еңбек ұжымдарындағы кездесулерді, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда Ашық есік күндерін өткізетін болады.

Сонымен қатар, қарттар күніне орай Астанада, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Абай, Ұлытау облыстарында 188,4 мың адамды қамти отырып, 1,6 млрд теңге сомаға біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады.

Жалпы ағымдағы жыл ішінде жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қарт азаматтарды әлеуметтік қолдауға 4,7 млрд теңгеден астам (оның ішінде жергілікті бюджеттерден – 4,2 млрд теңге, тартылған қаражат есебінен – 0,5 млрд теңге) бағытталды, оның ішінде:

— біржолғы материалдық көмекке – 1 635,3 млн 188,4 мың адам);

— азық-түлік жиынтығын ұсынуға – 410,8 млн.теңге (45,4 мың адам);

— жеңілдікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге – 16,2 млн.теңге (5,0 мың адам);

— тіс протездеуіне – 194,2 млн.теңге (3,7 мың адам);

— санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге – 888,2 млн.теңге (8,3 мың адам);

— тұрғын үйлерді жөндеуге – 6,4 млн.теңге (307 адам);

— отынмен қамтамасыз етуге – 67,5 млн.теңге (2,3 мың адам);

— қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүруді қамтамасыз етуге – 1 млрд 177,2 млн теңге (130,6 мың адам);

— көмектің басқа түрлеріне – 329,3 млн.теңге (31,3 мың адам).

Еске салайық, Халықаралық қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 45-сессиясында жарияланған болатын.

Оны өткізудің басты мақсаты-егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, олардың мәселелеріне мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×