Now Reading
Қазақстанда мектеп мұғалімдеріне арналған бес күндік жұмыс аптасы енгізілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда мектеп мұғалімдеріне арналған бес күндік жұмыс аптасы енгізілді

Қазақстанда мектеп мұғалімдеріне арналған бес күндік жұмыс аптасы енгізілді

Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығымен Мұғалімнің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ерекшеліктерін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

 

Үш ауысымдық оқыту режимінде жұмыс істейтін және оқушылар орны тапшылығы бар орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру ұйымдарында енгізілген өзгерістерге сәйкес, бес күндік жұмыс аптасы белгіленді, демалыс күндері сенбі және жексенбі.

 

Сонымен қатар, үш ауысымда оқитын және оқушылар орны тапшы орта білім беру ұйымдарында алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жексенбі демалыс күні болып белгіленеді.

 

Тәрбиеленушілерге арналған келісімшарт негізінде қосымша білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары үшін жұмыс уақыты мен демалыс режимі ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.

 

Бұйрық 2022 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енді.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...