Now Reading
Республика күнінде елордалық кезекте тұрғандарға пәтер кілттері табыс етілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Республика күнінде елордалық кезекте тұрғандарға пәтер кілттері табыс етілді

Республика күнінде елордалық кезекте тұрғандарға пәтер кілттері табыс етілді

Республика күні елордалық кезекте тұрғандарға пәтер кілттері табыс етілді. Бұл туралы Астана әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында хабарлады.

«Бүгін Республика күніне орай кезекте тұрғандарға көптен күткен пәтер кілттері табыс етілді. Жаңа қоныстанушылар қатарында: ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар, жасы бойынша зейнеткерлер, көп балалы отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және басқалар. Көптен күткен пәтерлер Отбасы банкімен бірлесіп «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы іске асырылды», — деп жазды Көлгінов.

 

Тұрғын үй кешені жаңа салынып жатқан ауданда (Жағалау шағын ауданы, Е-20 көшесі) орналасқан.

 

«Мұнда жақында 2 ауысымда оқитын 4000 оқушыға арналған мектеп ашылды, басқа да бірқатар әлеуметтік нысандар бар. Көктемде ауданды абаттандыруды жалғастырамыз, әлеуметтік нысандар саламыз. Мемлекет баспана мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз жыл сайын қолжетімді баспана салып жатырмыз. Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынса, соңғы екі жылда 17 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салынды. Сонымен қатар, тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың санатын кеңейттік, тұрғын үй сертификаттарының көлемін бір миллионнан 1,5 миллионға дейін ұлғайттық», — деп қосты әкім.

 

Сондай-ақ, Астана әкімінің айтуынша, қаланың көп жылдық құрылысы аяқталып, қауіпті тұрғын үй кешендері жөнделіп, апатты жағдайда тұрған үйлер сүріліп жатыр.

 

«Пәтер иелерін көптен күткен қоныс тойымен құттықтаймын, үйлеріңіз жылу мен жайлылыққа толы болсын. Баршаңызға Республика күні құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, табыс пен амандық тілеймін», — деп Астана әкімі жаңа қоныстанушыларды құттықтады.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×