Now Reading
2% ипотека халықтың ең осал топтарына беріледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2% ипотека халықтың ең осал топтарына беріледі

2% ипотека халықтың ең осал топтарына беріледі

Халықтың ең әлеуметтік осал топтары: I және II топтағы мүгедектігі бар жандар, көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар 2% ипотеканы пайдалана алады, деп мәлімдеді сенат аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

«Қазір біз әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Мұндай ипотеканы басқа несие алуға мүмкіндігі жоқ ең осал санаттар пайдалана алады», — деді министр.

 

Сондай-ақ, ол тұрғындар арасында жалға берілетін тұрғын үй сұранысы жоғары екенін атап өтті.

 

«Егер біз басқа сатып алу құқығы бар немесе сатып алу құқығы жоқ «Жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын іске қоссақ, онда бар бағдарламалардың мәні жоғалады. Себебі шарттар жақсы: бастапқы жарнаны төлеудің қажеті жоқ. Сондықтан қайта қарайтын боламыз. Бұл бағдарлама жақсы сұраныста болса, басқалары жойылады», — деп түйіндеді Өскенбаев.

+2
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
0
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.