Now Reading
Атырауда цифрлық отбасы картасын 700-ден астам адам пайдаланған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Атырауда цифрлық отбасы картасын 700-ден астам адам пайдаланған

Атырауда цифрлық отбасы картасын 700-ден астам адам пайдаланған

Атырауда 700-ден астам адам цифрлық отбасы картасын пайдаланып, жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді рәсімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Проактивті форматта мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысында цифрлық отбасы картасы арқылы қаланың 1540 тұрғынына СМС хабарламалар жіберілді. Оның ішінде 700-ден астам тұрғын үйлерінен шықпай-ақ қызметті пайдаланып, жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерге жүгінген», — дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1 қыркүйектен бастап цифрлық отбасы картасы пилоттық режимде пайдалануға берілді. Бұл азаматтарға әлеуметтік жағдайына қарай кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың сол немесе басқа нысанын алу құқықтары туралы ақпарат беретін күнделікті «электрондық бюллетень». Алдағы уақытта мемлекет ақпараттық жүйелер арқылы азаматтарға тиісті органдарға хабарласпай кез келген мемлекеттік қолдауды алуды ұсынатын болады.

 

«Бүгінде цифрлық картада облыстағы барлық отбасылар мен олардың мүшелерінің әлеуметтік деректері қалыптастырылды. Бұл деректер отбасы мен оның мүшелерінің күйі өзгерген сайын жаңартылады. Мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға қызметті көрсетуге келісім алу үшін SMS-хабарлама жіберіледі, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш автоматты түрде қалыптастырылады. Нәтижесінде жәрдемақылар, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың басқа түрлері тағайындалып, олар кейін алушының ағымдағы шотына аударылады», — дейді Азамат Мәмбетов.

 

Биылғы жылы тағайындауға ұсынылатын отбасының цифрлық картасына енгізілген төлемдер асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алмаған балаларға, бала туғанда немесе бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы алмаған адамдарға, «Күміс алқа» немесе «Алтын алқа» атағы бар көп балалы аналарға, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға төлемдер алмаған, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер. Тізбеде мүгедектігі бойынша жәрдемақы мен зейнетақы алмайтын мүмкіндіктері шектеулі адамдар, зейнетақы және мүгедектігі бойынша төлемдер алмайтын зейнеткерлік жастағы адамдар, атаулы әлеуметтік көмекке үміткер отбасылар көрсетіледі.

 

Цифрлық отбасы картасын енгізу жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тізім әлеуметтік қорғау қызметтерімен толықтырылады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау және білім беру саласында мемлекеттік кепілдіктер, ал 2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері енгізіледі.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×