Now Reading
АӘК алушылар балаларға қажетті тауарларды өз бетінше сатып ала алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > АӘК алушылар балаларға қажетті тауарларды өз бетінше сатып ала алады

АӘК алушылар балаларға қажетті тауарларды өз бетінше сатып ала алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік пакетті ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізілді.

 

Атап айтқанда, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет шеңберінде ата-аналар балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай қажетті тауарларды өз бетінше таңдай алады.

 

Бір адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде отбасының әрбір мүшесіне қарай есептейді.

 

Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, АӘК тағайындау кезеңіне әр балаға 1,5 АЕК (5 174 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленеді. Бұл шара тағайындалған АӘК-ке қосымша әлеуметтік қолдау шарасы ретінде қарастырылған және азық-түлік және тұрмыстық химия түріндегі кепілдендірілген әлеуметтік пакет ретінде ұсынылды.

 

Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, 2022 жылы әлеуметтік көмек алатын отбасының әрбір мүшесіне, оның ішінде әрбір балаға арналған орташа АӘК 6 650 теңгені құрады. Аз қамтылған отбасы балаларына қосымша азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық құны 5174 теңге болып белгіленді.

 

Бұл ретте, кепілдендірілген әлеуметтік пакетті алушылардан мерзімді түрде кепілдендірілген әлеуметтік көмекті натурал нысаннан ақшалай форматқа көшіру туралы ұсыныстар келіп түсті.

 

Кепілдендірілген әлеуметтік пакетті алушылардың тілектерін ескере отырып, Еңбек министрлігі 2023 жылдан бастап АӘК алушылардың арасынан әрбір балаға айына 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша ақшалай төлем белгілеу арқылы кепілдендірілген әлеуметтік көмекті монетизациялау туралы шешім қабылдады.

 

Бұл ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне байланысты қажетті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×