Now Reading
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды

Қазақстанда 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2 млн 295 мың зейнеткер тұрады.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жалпы зейнетақының орташа мөлшері 108 761 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 74 950 теңге, базалық зейнетақы – 33 811 теңге.

 

1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңгеге дейін ұлғайтылды.

 

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынған сомадан 10,5%-ға өседі.

 

Ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қолданылатын ең жоғары табыс мөлшері де 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

 

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты, сондай-ақ ең төменгі мөлшердің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% — дан 60% — ға дейін ұлғаюына байланысты арттырылды.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...