Now Reading
ХАБАРЛАНДЫРУ!!! 2023 жылғы екінші Тәуелсіз өмір мектебіне өтінімдер қабылдау!
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > ХАБАРЛАНДЫРУ!!! 2023 жылғы екінші Тәуелсіз өмір мектебіне өтінімдер қабылдау!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!! 2023 жылғы екінші Тәуелсіз өмір мектебіне өтінімдер қабылдау!

Мүгедектігі бар алматылықтарды Тәуелсіз өмір мектебіне қатысуға шақырамыз.

Тәуелсіз өмір мектебінің мақсаты – қатысушыларға ішкі кедергілері мен қорқыныштарын жеңуге көмектесу, сонымен қатар, оқу аясында тәуелсіз өмір сүру тәжірибесін алуға мүмкіндік беру.

2023 жылдың 06 — 12 Акпан аралығына қатысушылар Іле Алатауының бөктеріндегі «Ақ Бастау» тау пансионатына орналастырылады, онда қатысушылар тәжірибелі және креативті жаттықтырушылармен бірге ұмытылмас жеті күнді өткізетін болады. Сіздерді мыналардан тұратын, мазмұнды бағдарлама күтуде:

— адам құқықтары ұғымымен таныстыру және оларды өз өмірінде қолдану;

— адамның әртүрлілігі мен теңдігін кемсітпеу негіздері;

— әлеуетті, көшбасшылық қасиеттерді және сыни ойлауды ашу;

— инклюзивті қоғамда өз бетінше өмір сүру және өзара қарым-қатынас дағдылары.

Бұл өз өміріңізді өзгертуге, жаңа дағдыларға үйренумен қатар, табиғат аясында демалып, таудағы күзде рахаттануға арналғандай тамаша жер. Оқудан кейін қатысушылар Алматыдағы Әлеуметтік қолдау орталығының оқу базасында мастер-кластарға қатысатын болады.

Қатысу үшін мына: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScSVFVmaCSDB58CnhqQzGkCjbRMIM7FHB29Inqpu9hBoenNEA/viewform?usp=sf_link сілтеме бойынша өтінімді толтыру және 2023 жылдың 03 акпанға дейін жеке куәлік және мүгедектік туралы МЭС анықтамасы көшірмелерін мына: shkola_nz@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет.

Тағы да сұрақтарыңыз бар ма? Онда жоба үйлестірушілеріне мына телефондар бойынша хабарласыңыздар: +77013443901 Алима Бейсенбаева, +77015404455 Назира Абдыкадирова. Біз сіздерді күтеміз!

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...