Now Reading
Солтүстік Қазақстан облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған үйірмелер ашылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Солтүстік Қазақстан облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған үйірмелер ашылады

Солтүстік Қазақстан облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған үйірмелер ашылады

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы ерекше қажеттіліктері бар балалардың қосымша білім алу үшін жағдай жасауға ниетті. Жоспарлар биыл жүзеге асады деп күтілуде. Бұл туралы басқарма басшысы Нәзір Жәшібеков өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.

«Биыл біз ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қосымша білім алуына жағдай жасауды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде «Жас дарын» өнер мектебіне «фортепиано», «бейнелеу өнері», «хореография» және «сәндік қолданбалы өнер» мамандықтары бойынша қабылдау жүргізілуде. Алдағы уақытта облыстық балалар мен жасөспірімдер мәдениет орталығында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған үйірмелер ашуды жоспарлап отырмыз. Біз бұл бағытта белгілі қадамдар жасап үлгердік», — деді Н.Жәшібеков.

Есіл ауданы, Явленка ауылында биылғы жылы ғимарат қайта жаңғыртылып, онда қосымша білім беру орталығы ашылады. Онда 150 ауыл балалары қатыса алатын 10-нан астам үйірме жұмыс істейді.

«Облысымыздың 80 пайызы, яғни 59,5 мың оқушы үйірмелер мен секциялармен айналысады. Оқушылар сарайы әсіресе Петропавлдағы жасөспірімдер арасында ерекше танымал, оның негізінде алты бағыт бойынша 96 үйірме жұмыс істейді. Былтырдан бері робототехника бойынша оқу-әдістемелік орталығы жұмыс істейді», — деді Н.Жәшібеков.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...