Now Reading
Хабарландыру!
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Хабарландыру!

Хабарландыру!

 

2023 жылғы ушінші Тәуелсіз өмір мектебіне өтінімдер қабылдау!

Мүгедектігі бар алматылықтарды Тәуелсіз өмір мектебіне қатысуға шақырамыз.

Тәуелсіз өмір мектебінің мақсаты – қатысушыларға ішкі кедергілері мен қорқыныштарын жеңуге көмектесу, сонымен қатар, оқу аясында тәуелсіз өмір сүру тәжірибесін алуға мүмкіндік беру.

2023 жылдың 25 Акпан — 03 Наурыз аралығына қатысушылар Іле Алатауының бөктеріндегі «Ақ Бастау» тау пансионатына орналастырылады, онда қатысушылар тәжірибелі және креативті жаттықтырушылармен бірге ұмытылмас жеті күнді өткізетін болады.

Сіздерді мыналардан тұратын, мазмұнды бағдарлама күтуде:

— адам құқықтары ұғымымен таныстыру және оларды өз өмірінде қолдану;
— адамның әртүрлілігі мен теңдігін кемсітпеу негіздері;
— әлеуетті, көшбасшылық қасиеттерді және сыни ойлауды ашу;
— инклюзивті қоғамда өз бетінше өмір сүру және өзара қарым-қатынас дағдылары.

Бұл өз өміріңізді өзгертуге, жаңа дағдыларға үйренумен қатар, табиғат аясында демалып, таудағы күзде рахаттануға арналғандай тамаша жер.

Оқудан кейін қатысушылар Алматыдағы Әлеуметтік қолдау орталығының оқу базасында мастер-кластарға қатысатын болады.

Қатысу үшін мына: https://forms.gle/sJomhAb3suDMuPCb8 сілтеме бойынша өтінімді толтыру және 2023 жылдың 20 акпанға дейін жеке куәлік және мүгедектік туралы МЭС анықтамасы көшірмелерін мына: shkola_nz@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет.

Тағы да сұрақтарыңыз бар ма? Онда жоба үйлестірушілеріне мына телефондар бойынша хабарласыңыздар: +77013443901 Алима Бейсенбаева, +77015404455 Назира Абдыкадирова. Біз сіздерді күтеміз!

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...