Now Reading
Бала қолынан айырылды: БҚО-дағы аудандық электр желілерінің басшысын соттайды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Бала қолынан айырылды: БҚО-дағы аудандық электр желілерінің басшысын соттайды

Бала қолынан айырылды: БҚО-дағы аудандық электр желілерінің басшысын соттайды

Ақжайық аудандық сотында аудандық электр тарату компаниясының басшысы Бауыржан Биғалиевке қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Ол қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарады деп айыпталған.

Әңгіме 2022 жылдың 24 мамырында Жанғалы ауданы, Жаңақазан ауылында орын алған оқиға туралы болып отыр. Бұл кезде төрт жасар баланы қатты ток соққан.

Шұғыл түрде екі қол иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін кесілді. Енді оған ұзақ оңалту және мүгедектік тіркеуі қажет. Өткен жылдың қараша айында балаға бионикалық протездер орнатылды.

Іс судья Әлібек Нұрғалиевтің төрағалығымен қаралды. Жарыссөз барысында прокурор Нұрсұлтан Ахметкерей Бауыржан Биғалиевтің бұл қызметке 2021 жылдың 1 қазанында тағайындалғанын және аудандық бөлу аймағы басшысының барлық міндеттерін өз мойнына алғанын айтты.

«Апат кезінде бала небәрі төрт жаста еді, ол екі қолынан айырылды. Бұл баланың, болашақ қазақ батырының бүкіл өмірі әлі алда. Бұның барлығы Аудандық электр желілері басшысы Бауыржан Биғалиевтің немқұрайлылығынан орын алды. Ол Аудандық электр желілері жұмысын әрбір өндіріс орнының сенімді жұмысы үнемі қамтамасыз етіліп, жарақат болмайтындай етіп ұйымдастыруға міндеттелді. Алайда өзінің тәртіпсіздігі мен өркөкіректігінің салдарынан елеулі ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттыққа жол берген. Жаңақазан ауылдық округіндегі қосалқы станса Аудандық электр желілерінің тікелей бақылауында болды. Қате әрекеттердің салдарынан ондағы құлыптау қондырғысы істен шығып, жұмыс істемей қалды. Бірақ Биғалиев ешқандай түзету шарасын қолданбаған. Нәтижесінде бұл қайғылы оқиға 24 мамырда болды », — деп оқыды мемлекеттік айыптаушы.

Тергеу деректері бойынша, бала балалармен бірге ПС-35/10 КВ аралық май ауыстырғыш ұяшығының ақаулы есігін ашып, жоғары кернеуде тұрған ажыратқыштың металл элементіне қол тигізді.

Биғалиевтің өзі функционалдық міндеттерімен таныспағанын, тарату аймағын басқару жауапкершілігі ЖШС басшысына жүктелетінін алға тартып, кінәсін мойындамады. Айтпақшы, қайғылы оқиғадан кейін қосалқы станциялардың барлық ақаулы есіктері ретке келтірілді.

«Биғалиев сот төрелігінен қашуға тырысады, бірақ кез келген адам аудандық тарату аймағының бірінші басшысы электр желілерінің жай-күйін білуге ​​міндетті екенін түсінеді. Оның кінәсі айғақтармен дәлелденген. Бауыржан Биғалиевті кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі түзеу мекемесінде өтеуіңізді және үш жылға электр энергетикасы саласында қызмет атқару құқығынан айыруыңызды сұраймын», — деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Ахметкерей.

Зардап шеккен баланың анасы, оның адвокаты айыптауды қолдап, Бауыржан Биғалиевке қызметтік міндеттерін орындауға ештеңе кедергі болмағанын атап өтті.

«Қосалқы станциялардың қоршауы 70-ші жылдардан бері тұр, есіктер жөндеуді қажет етті, кірпіштер төгілді. Бірақ сол кезеңде ақаулықтарды жоюға бірде-бір өтінім болған жоқ. Бигалиев осы кемшіліктердің барлығын білді. Біз прокурордың пікірімен келісеміз.  Бала жарақаттанды, өмір бойына мүгедектік алды, үш күрделі операция жасалды, үнемі күтімді қажет етеді. Сондықтан жәбірленушілер 35 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеу туралы талап арыз берді», – дейді адвокат Лаура Өтешева.

Айыпталушының адвокаты Асқар Қамитов айыптау тараптың уәждерімен мүлдем келіспейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол бұл жағдайдан «ЗапКаз РЭК» ЖШС-нің басшы қызметкерлерінің арам пиғылын аңғаруға болатынын, ал Биғалиевтің өзіне таныс емес міндеттерін тиісті деңгейде атқара алмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, 2019 жылы қосалқы станса күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылған.

Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, болған оқиғаға баланың ата-анасының да кінәсі бар, өйткені оның пікірінше, олар ата-ана құқығын сақтамаған.

Бауыржан Биғалиевтің өзі сот талқылауы кезінде болған оқиғаға өкінетінін, бірақ өзін кінәлі санамайтынын мәлімдеді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×