ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атады.
Ведомствоның мәліметінше, қаңтар айында қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 274,1 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленсе, оның 84,2 млрд теңге базалық зейнетақыға, 189,9 млрд теңге ынтымақты зейнетақыға төленді.
«2023 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 млн 292 мың адамды құрайды. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 878 теңге, базалық зейнетақы – 37 781 теңге.
Айта кетейік, 2022 жылғы желтоқсанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 108 960 теңгені құрады.