Қазақстандық Бочча федерациясы ресми түрде Халықаралық Бочча федерациясы — Boccia International Sports Federation (BISFed) мүшесі болды.
Осы федерацияға мүшелік ерекше қазақстандық спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Енді ұлттық федерация өкілдері боччадан халықаралық жарыстарға: челленджерлерге, әлем чемпионаттарына, Паралимпиада ойындарына және Азия паралимпиада ойындарына қатыса алады.
2023 жылы Қазақстанның Бочча федерациясы Қазақстан Ұлттық құрамасының 8 мүшесін үш халықаралық жарысқа: екі халықаралық сайысқа және Азия Паралимпиада ойындарына қатысуға өтінім беруді жоспарлап отыр. Азия Паралимпиада ойындары 2023 жылы қазанда Қытайда, Паралимпиада ойындары 2024 жылы Парижде өтеді.
«Бұл инклюзивті спортты дамытуды қолдайтындардың барлығы үшін үлкен жеңіс. Бұл мүмкіндігі шектеулі спортшыларға жаңа мүмкіндіктер ашады, өз шеберліктерін көрсету үшін көкжиектерін кеңейтеді. Біздің жарыстарға жиі қатысатын ерекше балалар қайда өсуге болатынын көреді. Сонымен қатар, жас спортшылар үшін бұл араласуға, танысуға және жаңа тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар халықаралық федерацияға мүше болу – біздің ерекше спортшыларымыздың деңгейі мен сіңірген еңбегін халықаралық қауымдастықтың мойындауы», — деді Сенат және Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстанның бочча федерациясы боччадан республика чемпионатын өткізіп, нәтижесінде боччадан Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы жаңартылатын болады.
Бочча — бұл доп ойыны, паралимпиадалық спорт түрлерінің бірі, тірек-қимыл аппаратының ең ауыр бұзылулары бар балалар мен ересектерге спортта өзін-өзі тануға мүмкіндік береді. Қазақстандық Бочча федерациясы 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың және «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының жаттықтырушыларының бастамасымен құрылған. Федерацияның Қазақстан Республикасының аумағында 10 филиалы бар.