Now Reading
Қазақстандық ақыл-ой кемістігі бар балалар санаторийлерде емделеді — Еңбек министрлігі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық ақыл-ой кемістігі бар балалар санаторийлерде емделеді — Еңбек министрлігі

Қазақстандық ақыл-ой кемістігі бар балалар санаторийлерде емделеді — Еңбек министрлігі

Қазақстанда алғаш рет ақыл-ой кемістігі бар балалар санаторий-курорттық емделуге жіберіледі, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова.

 

«Биыл ел бойынша 1000 бала пилоттық режимде жіберіледі. 1 шілдеден бастап басқа да жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда», — деді Дүйсенова министрлер кабинетінің отырысында.

 

Мүгедектігі бар жандарды сапалы катетермен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 328 миллион теңге қарастырылған. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін жөргектердің нормативтері 2 есеге ұлғайтылатын болады.

 

«Пилоттық режимде жан басына шаққандағы стандартты енгізу және әлеуметтік қызмет көрсетуге жеке секторды тарту мәселесі қарастырылуда», — деді Еңбек министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, пилоттық жоба 7 өңірде жүзеге асырылады.

 

 

0
Tags :
No More Posts