Ұлытау өңіріндегі әлеуметтік мекеме басшысы мекемеде тұратын мүгедектігі бар жандар мен зейнеткерлердің қаражатын ұрлаумен айналысқан. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаменті басшысы мен қызметкерлерінен құралған бір топ тұлғалардың заңсыз әрекеттерін анықтады.
«Қазіргі таңда жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Әлеуметтік мекемеде, сондай-ақ сотталушылардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша рұқсат етілген тінту кезінде тұрғындардың 799 000 теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, мекеме тұрғындарына тиесілі банк карталары, сондай-ақ жоғарыда аталған адамдардың қылмыстық әрекетін әшкерелейтін басқа да заттар мен құжаттар табылды және тәркіленді.
«Объективті және жан-жақты тергеуге кедергі келтіру, сондай-ақ қылмыстың ізін жасыру және жою әрекеттеріне байланысты аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды».
Сот екі айға дейін «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды».
2022 жылдың қараша айында Қарағанды облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті «Qamqor» жедел алдын алу шеңберінде Абай қаласының қарттар үйі қонақтарының қаражатын ұрлау фактісінің жолын кесті, онда 90 адам қамқорлықта, оның ішінде 30 мүгедектігі бар жандар және 60 зейнеткер бар.