Маңғыстау облысының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекет кепілдік берген тегін қызметтерді алуының заңдылығын тексерді.
Тексеру барысында 3258 мүгедектігі бар жандар жеке оңалту бағдарламасымен қамтамасыз етілмегені анықталды: бірінші топтағы 525 мүгедектігі бар адам, екінші топтағы 849 адам, үшінші топтағы 1322 адам және 562 бала).
Кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Зардап шеккендерге жеке оңалту бағдарламасы берілді.
Енді мүгедектігі бар жандарңа оңалту орталығына баруға, санаториялық-курорттық емделуге, сондай-ақ жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне және мемлекет кепілдік берген басқа да тегін қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндігі бар, деп хабарлады прокуратура.