Now Reading
Халық бірлігі мерекесі: Астана мен Алматыда қандай іс-шаралар өтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Халық бірлігі мерекесі: Астана мен Алматыда қандай іс-шаралар өтеді

Халық бірлігі мерекесі: Астана мен Алматыда қандай іс-шаралар өтеді

Мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, тағам фестивалі жоспарланған.

1 мамырда Қазақстанда Қазақстан халқының бірлігі мерекесі атап өтіледі. Бұл күні қандай мерекелік шаралар өтетінін Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерінде айтылды.

Астана

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін төрт ауданда да мерекелік концерттер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылуда.

Сағат 11.00-де Жазушылар аллеясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Триатлон саябағында этно-мәдени бірлестіктер мен елшіліктердің өкілдері салтанатты түрде ағаш көшеттерін отырғызады. Мұнда көрме-жәрмеңке де ұйымдастырылады.

«Бәйтерек» монументі мен Қала алаңы жанындағы алаңда мерекелік шаралар сағат 12.00-де басталады. Қонақтар қаланың шығармашылық ұжымдарының, Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің және ресейлік эстрада жұлдыздарының концертін тамашалайды. Қаланың аула клубтарында, саябақтарда мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы бар іс-шаралар өтеді. Бұл күні елордада субұрқақтар жұмыс істей бастайды.

Сондай-ақ ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында, «Ататүрік», «Көктал» саябақтарында, «Қазақ елі» монументінде бұқаралық спорттық шаралар өтеді. Азаматтар ұлттық спорт түрлерінен асық ату, қол күресі, арқан тарту және гір көтеруден жарыстарға қатыса алады. Триатлон саябағында спорт сүйер қауымды мерекелік марафон күтіп тұр.

Алматы

Қалалық концерт Республика сарайының алдындағы Абай алаңында, сағат 10.00-де басталады. Ерболат Құдайбергенов, Рүстем Нұржігіт, Данияр Өтеген, Мәди Рымбаев, Дильназ және Ділшат Ахмадиевтер, Төреғали Төреәлі, Дидар Кәден, Алдаспан тобы өнер көрсетеді.

Концертке халықаралық байқаулардың лауреаты Зарина Хасаншина, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Башқұртстанның халық әртісі Жеңісбек Пиязов және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанет Бутерус қатысады. Қазақ, армян, корей, кавказ, түрік, ұйғыр, поляк ұлттық билері орындалады.

Осы күні Абай алаңында Қазақстан халықтары тағамдарының фестивалі өтеді, онда 15 мейрамхана қазақ, корей, грузин, орыс, ұйғыр және үнді тағамдарының ұлттық тағамдарын ұсынады.

1 мамыр күні сағат 11.00-де Жібек жолы, Панфилов көшелерінде және Ғылым академиясы ғимаратының алдындағы Уәлиханов атындағы саябақта мерекелік шаралар өтеді. «Алматы әуендері» мен «Алатау» дәстүрлі өнер театры, Қазақстан халқы Ассамблеясы, музыкалық ұжымдар мен диджейлердің қатысуымен концерттік бағдарламалар жоспарланған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×