Now Reading
Мүгедектігі бар қазақстандықтар теміржол билеттерін кассаға бармай-ақ сатып ала алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар қазақстандықтар теміржол билеттерін кассаға бармай-ақ сатып ала алады

Мүгедектігі бар қазақстандықтар теміржол билеттерін кассаға бармай-ақ сатып ала алады

2023 жылдың бірінші тоқсанында мүмкіндігі шектеулі жандар жолаушылар пойыздарына 100 мыңнан астам жеңілдік билеттерін интернет арқылы сатып алды.

2023 жылдың бірінші тоқсанында мүмкіндігі шектеулі жандар интернет арқылы жолаушылар пойыздарына 100 мыңнан астам жеңілдікті билет сатып алды. Электронды билетті bilet.railways.kz сайты арқылы сатып алуға болады. Оны алу үшін жолаушы төлқұжат деректерін, ЖСН, мүгедектік куәлігінің нөмірін және eGov ұялы телефонына алынған алты таңбалы әлеуметтік ID кодын көрсете отырып, тіркелуі тиіс.

Жеңілдетілген билетті сатып алу негіздерін тексеру автоматты түрде жүзеге асырылады. Интернеттегі деректерді тексергеннен кейін сату жүйесі таңдалған орынға жеңілдікті қолдануға мүмкіндік береді. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жол жүру билетінің құнына 50%, мамандандырылған купелерде (ерекше қажеттіліктері бар жолаушы және онымен бірге жүретін адам үшін) коммерциялық Тальго бағыттарына 70% жеңілдік қарастырылған.

Жеңілдетілген жол жүру құжаттарын беру рәсімін жеңілдету үшін ҚТЖ Еңбек министрлігінің «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстарын жүргізуде. Осыдан кейін жолаушы тек ЖСН көрсету арқылы жеңілдетілген билеттерді рәсімдей алады.

Ұлттық тасымалдаушының пойыздарына мүгедектігі бар жандарға және оларды алып жүрушілерге арналған орындары бар мамандандырылған вагондар кіреді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ автопаркінде арнайы жолаушылар сұранысын қанағаттандыратын купелері бар 80 вагон бар. Оның 20-сы Тальго вагондары.

«2025 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша вагондармен толық қамтамасыз ету жоспарлануда, шамамен 90% коммерциялық пойыздар құрамында. 2023 жылдың соңына дейін 13 вагон арнайы адамдарды тасымалдауға арналған бір купемен қайта жабдықталады. 2030 жылға дейін мүмкіндігі шектеулі жандардың жайлы жүруі үшін купелері бар 46 вагон сатып алу жоспарлануда. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пойыз билетін де вокзалдың кассасы арқылы тікелей сатып алуға болады. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжатты, мүгедектік туралы анықтаманы ұсыну қажет», — деді компания.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×